Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Әскери қызметшілерге бұрын тоқтатылған бірқатар жеңілдік қайтарылуы мүмкін

    Әскери қызметшілерге бұрын тоқтатылған бірқатар жеңілдік қайтарылуы мүмкін

    2025 жылдың 1 қаңтарынан мемлекеттік күштік құрылымдар қызметкерлерінің еңбек ақысын төлеу жаңа жүйемен жүргізіледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бақытбек Сыдықовтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

    «Бүгінгі күні Үкімет мемлекеттік күштік құрылымдар қызметкерлерінің еңбек ақысын төлеудің жаңа жүйесіне көшуін қолдады. Оны 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2 кезеңмен (2025-2026 жылдары) жүзеге асыру жоспарланған. Оған толық көлемде өту барысында Қарулы күштердің әскери қызметшілерінің лауазымдық жалақылары орташа 50 пайызға өседі», — деді генерал-майор.

    Сондай-ақ, Бақытбек Сыдықов әскери қызметшілерге бұрын тоқтатылған жеңілдіктерді қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтеді.

    Олар мыналар:

    — әскери қызметшілерге коммуналдық қызмет үшін төленетін үстемақыны отбасының әрбір мүшесіне төлей отырып, оның көлемін өзгерту;

    — әскери қызметшілер мен оның отбасы мүшелерінің жылына бір рет демалыс орнына бару және қайтуы үшін жол жүру ақысының тегін болуын қайтару;

    — әскери қызметшілердің қоғамдық көліктерде тегін жүруін қайтару;

    — әскери қызметшілердің жауынгерлік, жұмылдыру және жедел дайындық бағдарламалары бойынша 1 тәуліктен артық далалық жағдайларда болуы барысында, сондайақ арнайы далалық жұмыстарды орындау барысында тәуліктік норманың 60 пайыз есебінен далалық ақшалай үлесті қайтару.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →