Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 20 тамыз 2026 $ 462,1 534,9 5,44
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әлеуметтік желілерде не жазуға болмайды: судья ең жиі кездесетін қателіктерді атады Рыбакина Шнайдерді жеңіп, Цинциннати турнирінің ширек финалына өтті Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жаңа пәтер иелеріне баспана кілтін табыстады Руслан Өскенәлі Жезқазғандағы негізгі әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысын тексерді Артық сөйлеудің азабы: Динара Сатжан әйгілі Бағдагүл емшіні сотта екінші рет жеңіп шықты «Бернлидегі» маусымнан кейін Дастан Сәтпаев: жалға ауысу, «Челси» немесе сатылым? Әлеуметтік желілерде не жазуға болмайды: судья ең жиі кездесетін қателіктерді атады Рыбакина Шнайдерді жеңіп, Цинциннати турнирінің ширек финалына өтті Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жаңа пәтер иелеріне баспана кілтін табыстады Руслан Өскенәлі Жезқазғандағы негізгі әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысын тексерді Артық сөйлеудің азабы: Динара Сатжан әйгілі Бағдагүл емшіні сотта екінші рет жеңіп шықты «Бернлидегі» маусымнан кейін Дастан Сәтпаев: жалға ауысу, «Челси» немесе сатылым?

    Назарбаевтың алдында Дычконы құлатқан боксшы тағы бір қазақ жігітімен жұдырықтасады

    Назарбаевтың алдында Дычконы құлатқан боксшы тағы бір қазақ жігітімен жұдырықтасады

    28 қыркүйек күні Бакуде қазақстандық спортшылардың қатысуымен кәсіпқой бокстан «IBA чемпиондарының түні» өтеді.

    Қазақстандық Нұрсұлтан Аманжолов 92 келіден жоғары салмақта әуесқойлар арасында әлемнің үш дүркін чемпоны әзербайжандық Магомедрасул Меджидовпен бокстасады.

    Сонымен қатар осы кардта 63,5 келіде Нұртас Әжбенов 6 раундтық айқаста ресейлік Габиль Мамедовпен шеберлік байқасады. Әжбенов осымен кәсіпқой бокстағы 15-айқасын өткізбек, соның 14-інде жеңіске жетіп, біреуінде жеңіліс тапты. Ал Аманжолов жеті айқасында қарсыласынан басым түсіп, екі рет ұтылған.

    Аманжоловтың қарсыласы Меджидов кәсіпқой бокста үш айқасын жеңіспен аяқтап, бір рет қарсыласына есе жіберген. Шаршы алаңға соңғы рет 2021 жылы шықты. Сонымен қатар ол 2012 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері әрі әлемнің үш дүркін чемпионы (2011, 2013, 2017) екенін айта кету керек.

    2013 жылы Меджидов Алматыдағы әлем чемпионатының финалында тағы бір қазақстандық боксшы Иван Дычконы нокаутқа жіберген еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →