Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 3 қыркүйек 2026 $ 458,5 530,8 5,28
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Фариза Төреәлі анасын туған күнімен құттықтады Түркістанда 12 жастағы қызбен хат алмасқан ер адамның әрекеті әшкереленді Қазақстанда құны 124 млрд доллардан асатын 13 мегажоба жарияланды Алыш күресінен Нұрсұлтан Қожагелдіұлы қола медаль жеңіп алды Көкек ана: Қордайда жаңа туған шақалақты қоқыс жәшігіне лақтырған қыз ұсталды Былтыр ғана салынған мектептің жертөлесін су басты: 370 бала білім алып жүр Фариза Төреәлі анасын туған күнімен құттықтады Түркістанда 12 жастағы қызбен хат алмасқан ер адамның әрекеті әшкереленді Қазақстанда құны 124 млрд доллардан асатын 13 мегажоба жарияланды Алыш күресінен Нұрсұлтан Қожагелдіұлы қола медаль жеңіп алды Көкек ана: Қордайда жаңа туған шақалақты қоқыс жәшігіне лақтырған қыз ұсталды Былтыр ғана салынған мектептің жертөлесін су басты: 370 бала білім алып жүр

    Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды

    Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды

    Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

    Бүгін XVII жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап. 

    Олардың қатарында Паралимпиада ойындарының чемпионы Ақмарал Науатбек (пара дзюдо) пен Давид Дегтярев (пара пауэрлифтинг), күміс жүлдегер атанған Ерғали Шамей (пара дзюдо), Нұрдаулет Жұмағали (пара жүзу), қола жүлдеге қол жеткізген Даяна Федосова (пара дзюдо), Зарина Райфова (пара дзюдо) мен Жұрқамырза Шукурбеков (пара дзюдо) және пара дзюдо, пара пауэрлифтинг, пара жүзу, волейболды отырып ойнау, пара каноэ құрама команда өкілдері бар. Спортшыларды Астана әуежайынан қала тұрғындары мен туыстары күтіп алды.

    Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды
    Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
    Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды
    Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

    Айта кетейік, XVII жазғы Паралимпиада ойындарында пара пауэрлифтингтен 54 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Давид Дегтярев алтын медаль жеңіп алды. Жерлесіміз 188 кг салмақты еңсеріп, екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды.

    Күміс медальді 185 кг көтерген Куба өкілі Рамирез Барриентос Пабло жеңіп алса, қола жүлдені 179 кг нәтижесімен Қытай спортшысы Ян Джинлан иеленді.

    Пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдескен Ақмарал Науатбек Париж Паралимпиадасының жеңімпазы атанды. Финалда ол Франция өкілі Сандрина Мартинеден басым түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.

    Нұрдәулет Жұмағали Париж Паралимпиадасының финалында SB13 санатында 100 метрге брасс әдісімен жүзуден бақ сынап, күміс медаль жеңіп алды.

    Пара дзюдодан J1 санатында 73 кг салмақта өнер көрсеткен Ерғали Шәмей финалдық белдесуде румыниялық балуан Флорин-Александр Бологаға жол беріп, Париж Паралимпиадасының күміс жүлдегері атанды.

    J2 санаты бойынша 57 келідегі Даяна Федосова қола жүлде үшін белдесуде Түркия өкілі Дёндю Ешилюртты айқын жеңіп, ел қоржынына кезекті жүлдені салды.

    Пара дзюдодан әйелдер арасында +70 кг салмақ дәрежесінде J2 санатында белдескен Зарина Раифова қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын үшін өткен кездесуде Раифова италиялық Каролина Костадан басым түсті.

    Жұрқамырза Шүкірбеков пара дзюдодан J2 санатында 90 келі салмақты сынға түсіп, қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын үшін өткен белдесуде ол Франция өкілі Насер Зорганиді иппонмен тізе бүктірді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →