Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі өтетін уақыт белгілі болды

    Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі өтетін уақыт белгілі болды

    Андрей Михайлович оған небәрі 1 ай уақыт берді

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қазан айында соң өтетін болды. Бұл туралы спортшының менеджері Берік Сұлтан мәлімдеді.

    Жекпе-жек бұған дейінгі талаптар бойнша өтеді. Яғин, сарапқа Жәнібектің қос титулы салынбақ.

    «Құрметті жанкүйерлер! Жақында жекпе-жек. Сол үшін дайындықты елде бастап кеттік. Әр күн маңызды! Шетелге барып дайындалып үлгермейміз. Промоутерлік торгты қарсылас тарап ұтып алғанын білесіздер. Жекпе-жекті келесі айға қойып жатыр. Бұйыртса екі титулды қорғаймыз. Қарсылас сол баяғы Андрей», — деді Берік Сұлтан әлеуметтік желіде.

    Еске салайық, 13 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) орта салмақта WBO және IBF нұсқасында әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының жаңазеландиялық боксшы Андрей Михайловичке қарсы жекпе-жегі өтпей қалған еді. Сол жолы отандасымыз салмақ қуу кезінде қатты сусыздану салдарынан есінен танып, ауруханаға түскен болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →