Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт боты іске қосылды • Юлия Такшина анорексиядан екі рет ауруханаға түскенін айтты • 2026 жылғы 31 қазандағы барлық зодиак белгілеріне арналған күнделікті жұлдыз жорамалы • Қазақтың киіз өнері әлемдік рекордқа тіркелді: 500 туынды сертификатталды • United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр • «Астана Операда» «Чарли мен Ирэн» балет-комедиясының әлемдік премьерасы өтті • Мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт боты іске қосылды • Юлия Такшина анорексиядан екі рет ауруханаға түскенін айтты • 2026 жылғы 31 қазандағы барлық зодиак белгілеріне арналған күнделікті жұлдыз жорамалы • Қазақтың киіз өнері әлемдік рекордқа тіркелді: 500 туынды сертификатталды • United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр • «Астана Операда» «Чарли мен Ирэн» балет-комедиясының әлемдік премьерасы өтті •

    АҚШ-та кибералаяқтықпен айналысқан қазақ азаматы ұсталды

    АҚШ-та кибералаяқтықпен айналысқан қазақ азаматы ұсталды

    Шетелдік БАҚ қазақстандықтың АҚШ-та кибералаяқтық жасады деген күдікпен ұсталғанын хабарлады, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Court Watch ақпараттық порталының хабарлауынша, бұл іске қазақстандық Александр Ходыревпен бірге ресейлік Павел Кублицкий де қатысуда. Іске қатысты сот құжаттары да желіде жарияланды.

    «Олар darknet желісінде заңсыз алынған ақпаратты алмасу және сату үшін пайдаланатын WWH платформасын басқарды деген күдікке ілінген. Тергеушілер бұл қылмыстық форумды eBay мен Reddit арасындағы крест ретінде сипаттайды», — деп жазады портал.

    Түсініктеме алу үшін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне хабарластық. Ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, америкалық тараптан бұл іске қатысты ешқандай ақпарат жоқ.

    «Біз АҚШ-тың құқық қорғау органдарынан растауды сұрадық. Сондықтан біздің азаматтың ұсталғанын жоққа шығара да, растай да алмаймыз», — деді Смадияров.

    Фото: pixabay.com

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →