Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Зейнетақы жарналарын еңбек өтіліне есептеу тәртібі нақтыланбақ • Қазақстанда А(H1N1)pdm09 тұмауының алғашқы бес жағдайы тіркелді • Медицина қызметкерлерінің мәртебесі туралы заң жобасы талқыланды • Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы 182,3 млн теңгелік алтынды заңсыз өткізбек болды • «Таза Қазақстан»: Қазақмыс жұмыскерлері Жезқазғанда 5 мыңға жуық ағаш отырғызды • Абай университетінде көшпенділік мәдениетіне арналған халықаралық конференция өтті • Зейнетақы жарналарын еңбек өтіліне есептеу тәртібі нақтыланбақ • Қазақстанда А(H1N1)pdm09 тұмауының алғашқы бес жағдайы тіркелді • Медицина қызметкерлерінің мәртебесі туралы заң жобасы талқыланды • Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы 182,3 млн теңгелік алтынды заңсыз өткізбек болды • «Таза Қазақстан»: Қазақмыс жұмыскерлері Жезқазғанда 5 мыңға жуық ағаш отырғызды • Абай университетінде көшпенділік мәдениетіне арналған халықаралық конференция өтті •

    Қарағанды балабақшасында 2 жасар баланың күйіп қалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

    Қарағандыдағы жекеменшік балабақшалардың бірінде тәрбиеленушінің термиялық күйік алуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме беріп.

    Ekaraganda.kz-тің жазуынша, оқиға туралы әлеуметтік желіде зардап шеккен баланың ата-анасы жазған.

    «Біздің отбасымызда қиын жағдай. Екі жасар ұлымыз баратын Октябрьская көшесі, 125 мекен-жайында орналасқан «Kiddy land» жеке балабақшасы қызметкерлерінің айтуынша, олар ұлымызды жуындырмақ болады. Сол кезде қараусыз қалған бала 2-3 дәрежелі термиялық күйік алып, денесінің 4 пайызы зақымданған. Ұлым әлі оңалту сатысында. Біз кінәлілер жазасын алуы үшін әділеттілікке қол жеткізуге тырысамыз. Сондай-ақ, ата-аналарға ескерту жасағымыз келеді. Бейтаныс адамдарға балаңызды сеніп тапсырмас бұрын өте мұқият болыңыз», — дейді қала тұрғыны.

    Сондай-ақ, фотосуреттер мен видеоларды қоса жариялайды.

    «Мектепке дейінгі мекемеде екі жасар баланың күйіп қалу фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 1-бөлігі (Жұмыстарды орындау не тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

    Ал, облыстық білім басқармасы аталған балабақша ведомство балансында еместігін мәлімдеген.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →