Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр • «Астана Операда» «Чарли мен Ирэн» балет-комедиясының әлемдік премьерасы өтті • Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде бесінші орын алды • Куат Хамитов ММА-да 29-шы жеңісін алып, қазақстандық футболды сынға алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатында бесінші орын алды • Елдос Сметовті әуежайда отбасы қарсы алған видео желіде тарады • United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр • «Астана Операда» «Чарли мен Ирэн» балет-комедиясының әлемдік премьерасы өтті • Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде бесінші орын алды • Куат Хамитов ММА-да 29-шы жеңісін алып, қазақстандық футболды сынға алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатында бесінші орын алды • Елдос Сметовті әуежайда отбасы қарсы алған видео желіде тарады •

    Америка банкротқа ұшырайды – Илон Маск

    Америка банкротқа ұшырайды – Илон Маск
    NEW YORK, NEW YORK - MAY 02: Elon Musk attends The 2022 Met Gala Celebrating "In America: An Anthology of Fashion" at The Metropolitan Museum of Art on May 02, 2022 in New York City. (Photo by Theo Wargo/WireImage)

    Америкалық миллиардер, Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск АҚШ-тың мемлекеттік қарызы ел экономикасы үшін аса өткір проблемаға айналып бара жатқанына назар аударды.

    «Айтпақшы, Америка банкротқа ұшырайды», – деп болжады кәсіпкер.

    Осылайша, ол Dogecoin криптовалютасының негізін қалаушы Билли Маркустың жазбасына жауап берді. Жазба «АҚШ-тың мемлекеттік қарызы бойынша пайыздық төлемдер биыл 1 140 000 000 000 долларға тең. Бұл барлық жиналған табыс салығының 76%-ы» деген тақырыппен жарияланды.

    Маск оның табыс салығының төрттен үш бөлігінің «үкіметтің бұрынғы дәрменсіздігі үшін пайыздар сияқты маңызды мақсаттарға» жұмсалғанына «қуанатынын» айтты.

    Айта кетейік, Маск бұған дейін Ақ үй басшысы лауазымына жаңа үміткер Камала Харристің миллиардер Джордж Соростың ұлы Александр Соростың «қуыршақ» екенін айтқан еді.

     

    Еске салайық, америкалық кәсіпкер Илон Маск 11 маусымда Apple технологиясына жасанды интеллект технологиялары кіргізілсе, өз компанияларында оны пайдалануға тыйым салатынын жазған едік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →