Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде бесінші орын алды • Куат Хамитов ММА-да 29-шы жеңісін алып, қазақстандық футболды сынға алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатында бесінші орын алды • Елдос Сметовті әуежайда отбасы қарсы алған видео желіде тарады • Қуат Хамитов АСА 209 турнирінде Махноны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді • Алтын Шағаева күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде бесінші орын алды • Куат Хамитов ММА-да 29-шы жеңісін алып, қазақстандық футболды сынға алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатында бесінші орын алды • Елдос Сметовті әуежайда отбасы қарсы алған видео желіде тарады • Қуат Хамитов АСА 209 турнирінде Махноны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді • Алтын Шағаева күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды •

    Азияның ең бай адамы 165 млрд теңгеге той жасайды

    Азияның ең бай адамы 165 млрд теңгеге той жасайды

    67 жастағы бизнесмен және Үндістанның ең бай адамы Мукеш Амбани ұлы Анант Амбанидің үйлену тойын барынша дарақылықпен өткізуді жөн көріпті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Бұл айтулы іс-шараға кәсіпкер 350 миллион доллар (165 млрд теңгеден астам) жұмсамақ.

    The Indian Express басылымының мәліметінше, үйлену тойы бүгін, 12 шілдеде, басталып, үш күнге созылады.

    Амбанидің қалыңдығының есімі – Радхика Мерчант. Ол Encore Healthcare деп аталатын ірі фармацевтикалық компания басшысының қызы.

    Сол үшін қаладағы аудандардың бірінде қозғалыс шектеледі. Дәл сол жерде іс-шара өтеді. Бұл аудан көлемі футбол алаңынан 12 есе үлкен.

    Ал қонақ ретінде Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди, министрлер мен депутаттардан бөлек, Болливуд жұлдыздары, тіпті апалы-сіңлілі Кардашьяндар келеді. Қонақтарды алып жүру үшін үш бірдей Falcon 2000 ұшағы дайын тұр.

    Үш күндік тойға барлығы 100-ден астам жеке ұшақ жұмылдырылмақ.

    Фото: Instagram/anantmukeshambanii

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →