Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қостанай облысында екі жүргізуші 15 тәулікке қамалып, 7 жылға құқығынан айырылды • ЖИ-ға дұрыс промпт жазу: мұғалімге арналған толық нұсқаулық • Ерлан Қарин балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңес өткізді • Солтүстік Корея бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды, біреуі 900 шақырымнан астам ұшты • «Әділет» партиясы Алматы облысында азаматтарды қабылдады • Алмалы ауданындағы экологиялық акцияда 200 келіге жуық қайталама шикізат жиналды • Қостанай облысында екі жүргізуші 15 тәулікке қамалып, 7 жылға құқығынан айырылды • ЖИ-ға дұрыс промпт жазу: мұғалімге арналған толық нұсқаулық • Ерлан Қарин балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңес өткізді • Солтүстік Корея бірнеше баллистикалық зымыран ұшырды, біреуі 900 шақырымнан астам ұшты • «Әділет» партиясы Алматы облысында азаматтарды қабылдады • Алмалы ауданындағы экологиялық акцияда 200 келіге жуық қайталама шикізат жиналды •

    Қазақстаннан бірде-бір ауыр атлет Париж Олимпиадасына бармайды

    Қазақстаннан бірде-бір ауыр атлет Париж Олимпиадасына бармайды

    Парламент палаталарының бірлескен отырысында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қазақстан спортшылары Парижде өтетін Олимпиада ойындарына ауыр атлетикадан бір де бір жолдама алмағанын айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

    «Олимпиада – ең үлкен маңызды дода. Париждегі жарысқа 205 мемлекеттің 10,5 мың спортшысы 32 түрінен қатысады. Бүгінгі таңда бізде 22 спорт түрінен 78 лицензия бар. Өкінішке қарай, биыл әйелдер күресі мен ауыр атлетикадан лицензия ала алмадық», — деді министр.

    Спорт министрі ең көп жолдама алған өңірлерді атады.

    «Өңірлерге келсек, ең үлкен үлес қосқан өзіміздің Алматы қаласы – 16 жолдама. Шымкент қаласынан – 12, Астана қаласынан – 9, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жетісу облыстарынан 5 жолдамадан бар. Әлі 4 рейтингілік-лицензиялық турнир бар. Жалпы жиыны 80-85 жолдама алып, Париж Олимпиадасына барамыз деп үміттенеміз», — деді Ермек Маржықпаев.

    Фото: bbc.com

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →