Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды Қазақстанда мәдениет пен өнерді дамыту: 2026 жылғы басым бағыттарға сараптама Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты Жезқазған тұрғындары балалар ойын алаңындағы қоқысты өздері тазалап жүр 5 көлікті соғып, қашып кеткен Астана тұрғыны 30 тәулікке қамалды Қазақстан мен Xiaomi жасанды интеллект бағытындағы бірлескен жобаларды қарастырды

    Алматы облысында балаларды қолдау орталығының басшысы нанды 354 теңгеден алып отырған

    Алматы облысында балаларды қолдау орталығының басшысы нанды 354 теңгеден алып отырған

    Фото: дереккөз

    Алматы облысының Қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығында ӘМАТ-ты жоғары бағамен сатып алу фактілері анықталды. Қазіргі таңда орталықта 120-дан астам кәмелетке толмаған бала тәрбиеленуде, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Агенттікпен анықталғандай жеткізуші нанды 140 теңгеден сатып алып, оны балалар үйіне 354 теңгеден (153% үстемақымен) жеткізген.

    Сондай–ақ, ол қарақұмық жармасын – 145% (281 тг/кг алып, 687 тг/кг сатқан), күнбағыс майы — 63% (600 тг/л алып,  977 тг/л сатқан), қант – 38% (350 тг/кг алып, 480 тг/кг сатқан) үстемеақымен жеткізген.

    Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ӘМАТ-қа шекті сауда үстемесінің мөлшері 15%-дан аспауы тиіс.

    Қабылданған шаралардың нәтижесінде жеткізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал Орталықпен жасалған ӘМАТ-ты жеткізу шарты 1,3 млн теңгеге төмендету бағытында қайта қаралды.

    Сондай-ақ, Агенттік қабылдаған шаралар нәтижесінде өңірдің бірқатар балабақшалары жеткізушілермен сатып алу бағасын 3,9 млн теңгеге төмендете отырып, қосымша келісімдер жасасты.

    Қаржылық мониторингі агенттігі «AФM Insider» телеграм ботына экономикалық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлау мүмкіндігін еске салады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →