Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 24 шілде 2026 $ 467,3 534,0 5,95
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Үй құлағалы тұр»: Петропавлда 5 қабатты үйдің жертөлесін белгісіз сұйықтық басып қалды Хромтауда ұзаққа созылған жолдың жөндеуінен тұрғындар ауру болып жатыр Түркістан облысында 2 жасар бала әжетханаға құлап, көз жұмды Таяу Шығыстағы шайқас: Brent мұнайы 100 доллардан асты Ақтаудағы 16-үй маңындағы ашық құбырлар балаларға қауіп төндіреді АҚШ Ирандағы басқару бекеттері мен әскери нысандарды осымен екінші апта бомбалап жатыр «Үй құлағалы тұр»: Петропавлда 5 қабатты үйдің жертөлесін белгісіз сұйықтық басып қалды Хромтауда ұзаққа созылған жолдың жөндеуінен тұрғындар ауру болып жатыр Түркістан облысында 2 жасар бала әжетханаға құлап, көз жұмды Таяу Шығыстағы шайқас: Brent мұнайы 100 доллардан асты Ақтаудағы 16-үй маңындағы ашық құбырлар балаларға қауіп төндіреді АҚШ Ирандағы басқару бекеттері мен әскери нысандарды осымен екінші апта бомбалап жатыр

    Түрмедегі табыс: Алматы облысында сотталғандар сауда жасап, казино ойнайды

    Түрмедегі табыс: Алматы облысында сотталғандар сауда жасап, казино ойнайды

    Алматы облысының прокуратурасы  түзеу мекемелерінде заңсыздықтарды анықтады. Сотталғандар, ұялы телефондар пайдалану арқылы онлайн сатып-алуды, кредиттерді рәсімдеп және букмекерлік кеңселер мен онлайн-казино арқылы құмар ойындарға қатысқан. Түрмедегі ақша айналымы 3 млрд.теңгеден асқан, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

    №10-шы мекеменің сотталғандары, мобильді құрылғыларды қолдана отырып, рұқсат етілген және тыйым салынған заттарды мекеме ішінде сатқан.

    Аталған дерек бойынша Алматы облысының прокуратурасымен ҚК-нің 361-бабы 2-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

    Іле аудандық сотының үкімімен осы мекеменің үш қызметкеріне түрлі жазалау шаралары қабылданды.

    Бұдан басқа, облыс прокуратурасы ҚК-нің 361-бабы 2-1-бөлігі бойынша №12 және №57 мекемелердің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, №57 мекеме бастығына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. ​

    Анықталған деректер, қылмыстық-атқару жүйесіндегі мекеме қызметкерлерінің қатысуымен бұзушылықтардың жалғасып жатқандығын айғақтайды.

    Тергеу жалғасуда және қазіргі уақытта ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →