Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Каспийде ҰҚК Шекара қызметі 126 құқық бұзушыны ұстады • Бахрейндегі Азия чемпионатында қазақ фехтованиешілері екі қола медаль алды • Қуат Хамитов Душанбеде жеңіске жетіп, футболға бөлінетін қаржыны сынға алды • «Шымыр»: Ержанов сценарийі Матжановтың қолында қалай жанданды • Ақтауда «Цифрлық модельдеу» бойынша республикалық конкурс өтті • Қазақстандық семсершілер Бахрейндегі жастар чемпионатында жүлде алды • Каспийде ҰҚК Шекара қызметі 126 құқық бұзушыны ұстады • Бахрейндегі Азия чемпионатында қазақ фехтованиешілері екі қола медаль алды • Қуат Хамитов Душанбеде жеңіске жетіп, футболға бөлінетін қаржыны сынға алды • «Шымыр»: Ержанов сценарийі Матжановтың қолында қалай жанданды • Ақтауда «Цифрлық модельдеу» бойынша республикалық конкурс өтті • Қазақстандық семсершілер Бахрейндегі жастар чемпионатында жүлде алды •

    Түркістан тұрғыны 30 жыл отасқан күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді

    Түркістан тұрғыны 30 жыл отасқан күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді

    Фото: El.kz Ербол Бекболат

    Сайрам ауданы Қарамұрт ауылында 49 жастағы әйел 30 жыл отасқан күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Оқиға 12 сәуір күні болған. Қанды қылмыс туралы қайтыс болған ер адамның інісі Азаттық радиосына хабарлаған. Сайрам аудандық соты «Адам өлтіру» бабымен іс қозғап, күдіктіні 2 айға қамауға санкция берді.

    Күдікті мен марқұмның кәмелет жасына толған ортақ 4 баласы бар. Олардың үлкені әкесі ішімдік ішіп, анасын көп ұратынын, талай рет үйден қашып, далада қонғанын айтты.

    Ауылдық  учаскелік полицейі марқұмның ішімдік ішкенін, отбасылық жанжал мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтан күдікті 2019 жылы «полиция қамқорлығына алынғанын» айтады.

    Дегенмен 2023 жылдан бері әйелі күйеуінің үстінен қандай да бір шағым түсірмеген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →