Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Непал–Тибет шекарасындағы көшкін: Қытай билігі екінші су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті Вьетнамнан Алматыға ұша алмай жатқан қазақстандық туристер Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді Непал–Тибет шекарасындағы көшкін: Қытай билігі екінші су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті Вьетнамнан Алматыға ұша алмай жатқан қазақстандық туристер Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматы облысында 21 жастағы Диананың өлімі: туыстары суицид нұсқасына күмән келтіруде Ересектерге арналған контент жұбайларды ажырасуға апара ма? Еркебұлан Тоқтар өзбек боксшысын техникалық нокаутпен жеңді

    Қарағанды: Көпқабатты үйдегі алапат жарылыс 3 адамның өмірін қиды

    Қарағанды қаласында 16 қабатты тұрғын үйде газ жарылды. Қазір адамдарды құтқару және эвакуациялау жүріп жатыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлайды.

    Ведомствоның хабарлауынша, кезекшілік бөліміне 10 қаңтар күні сағат 21:29-да Республика даңғылы, 18/2 мекенжайында өрт болып жатқаны туралы хабар түскен. 16 қабатты, 127-пәтерлі тұрғын үйдің 8-қабатында жарылыс болып, өрт шыққан.

    «Оқиға орнын тексеру барысында үш адамның денесі табылған. Болжам бойынша олар екі ер адам мен бір әйел екені анықталды. ТЖД күштерінің көмегімен 11 адам құтқарылды, оның ішінде 2 бала бар», – делінген хабарламада.

    Оқиға орнына ТЖД 88 қызметкері және бөлімшелерінің 23 техникасы жұмылдырылды.Тұрғындарды жылыту үшін ТЖД 3 вахталық көлігі тартылды.

    Сағат 22.55-де өрт оқшауланды. Облыс әкімдігі эвакуацияланған адамдарды қонақ үйлерге жеткізумен айналысып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →