Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Студенттердің шәкіртақысы екі есе өседі

    Фото: Pixabay

    Онда шәкіртақы 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап өсетіні, 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап тағы да ұлғаятыны көрсетілген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап:

    — жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер («Денсаулық сақтау» бағытындағы педагогикалық дайындық бағыттары бойынша оқитын студенттерді қоспағанда) – 47 135 теңге;

    — жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттары бойынша және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер – 75 600 теңге;

    — интерндер – 85 376 теңге;

    — ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары – 107 061 теңге;

    — «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында оқитын магистранттар – 200 000 теңге;

    — «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша докторанттар – 240 000 теңге;

    — «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттар – 123 122 теңге;

    — Жұмыс біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 43 574 теңге;

    — Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттер – 41 896 теңге;

    — Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары – 40 065 теңгеге өсу жоспарланған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →