Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    «Бәлен мың еуро берген»: Қымбат Досжан бельгиялық әйелге сатылған Жәнібек жайлы тың деректерді жария етті

    Бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібектің заңды өкілі, журналист Қымбат Досжан желіде тағы жазба жариялап, тың дерекпен бөлісті.

    «Біз Жәнібектің анасын іздеп жүріп, 2004 жылы қылмыстық құрамның да болғанын ойламаған жерден анықтадық. Негізі қылмыскер емес, туған анасын іздеп жүр едік қой… Жәнібектің құжатында туған анасы деп жазылған әйел 2023 жылдың желтоқсанында табылған, бірақ бала басқа сияқты (ауысып кеткен), өйткені бірнеше ДНҚ анализ теріс шықты. Жани Савельевтің, яғни Жәнібек Жұмағұловтың туған анасын іздеу барысында ҚР Қылмыстық Кодексiнің 135-бабы: «Кәмелетке толмағандар саудасы» бойынша қылмыстық іс ашылып, Арқалық қаласындағы Полиция басқармасының тергеушілері күн-түн демей жұмыс істеп отыр», — деп жазды ол.

    Айтуынша, әйелдерден ДНҚ анализ алып, клиникаға тапсырып жатыр. Арқалықта 6 наурызда Полиция басқармасының басшылығы халық алдында есеп берген екен. Сол жиында Жәнібектің де мәселесі айтылған. Дереккөз: @araily_arkalyk және «Арайлы Арқалық» youtube арнасы.

    «Бұл проблеманы көтерген азаматқа да алғыс айтамыз, танысаңыздар, белгілеп кетіңіздер. Журналистік зерттеу барысында бельгиялық әйелмен жеке сөйлестік. Сөз арасында «Бала асырап алғанда заң бұзылған жоқ па?» деген де сұрақ қойылды. Ол кісі «Бельгия тарапынан заң бұзылған жоқ» деді де, Қазақстанға қатысты бір адамның аты-жөнін атап, бала асырап алу үшін, сол кісіге бәленбай мың еуро бергенін, өз елінде отырып Жәнібектің фотосы мен мәліметін алғанын, содан кейін ғана жолға шыққанын мәлімдеді. Бұл диалог ресми түрде заңдастырылып, заң органдарына тапсырылды.

    Жалпы Жәнібекке, тастанды балалар тағдырына қатысы болуы мүмкін деген адамдардың бәрі қазір бар, көзі тірі, білуімізше, тек 1 маман өмірден өткен. Тіпті медицина саласында 40 жылға жуық еңбек етіп келе жатқан мамандардың да Жәнібекке қатысты ресми құжаттарда аты аталған, лауазымы жазылған, қолы қойылған», — дейді ол.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →