Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    Алматыда бұл жолғы жер сілкінісінің магнитудасы 5 балға жетті

    Алматыда тағыда жерасты дүмпуі болды. Жер сілкінісі сағат 11:22-де тіркелді. ҚР ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станцияларының желісіндегі ақпарат өңделіп жатыр.

    «Өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды, полиция департаментінің жедел кезекшісіне ақпарат жеткізілді, қаланың ғимараттары мен құрылыстарын қирау мен бүліну мәніне көзбен шолып қарау туралы ақпарат жинау үшін, қираудың болуына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуіне мониторинг жүргізілуде», — делінген Алматы қалалық ТЖД таратқан хабарламада. 

    ҚР ТЖМ «СБЗҰҒҰ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 4 наурызда Алматы уақытымен 11 сағат 22 мин 05 сек (2024 жылғы 4 наурызда Гринвич бойынша 06 сағат 22 мин 06 сек) жер сілкінісі тіркелді.

    «Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.2. MPV магнитудасы 6.1. Эпицентрдің координаттары 42.93° с.е. 76.96° ш.б. Тереңдігі 10 км. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Алматы 5 бал», – деп хабарлайды ТЖМ.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →