Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Қазақстан дзюдодан екі медаль жеңіп алды

    Фото: Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    Польшаның астанасы – Варшава қаласында дзюдодан өткен ересектер арасындағы European Open турнирінде Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы.

    Аса ауыр салмақта (+78 кг) кадеттер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мадина Парагульгова қола жүлде үшін белдесуде Нидерланд спортшысы Свирс Полиеннен басым түсті. Бұл салмақта Мәдинадан Парагульговадан басқа Толқын Тұрсынақынова да бақ сынап, жұбаныш кездесуінде дәл осы Нидерланд өкіліне есе жіберді.

    Ерлер сайысында ең жеңіл 60 келіде жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Шерзод Давлатов Грузия спортшысы Тома Гелашвилиден айласын асырды. Шерзод Давладов былтыр да Польшадағы жарымста үшінші орын алған болатын.

    Екі күнге жалғасқан додада 37 елден 458 татами шебері 14 салмақта жүлдегерлерді анықтады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →