Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Марокко құрамасы Канаданы талқандап, ширек финалға шықты Бокс әлем чемпионы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілікті Еркебұлан Тоқтар бірінші раундта Артем Тарасовты нокаутқа жіберді Елена Рыбакина Уимблдон-2026-да үшінші айналымда жеңілді Күніне 30 минуттан артық отыру қатерлі ісік қаупін арттырады – зерттеу Миллиардтар қайда кетті: ҚазАвтоЖолдың «Жезқазған-Қызылорда» жолы сын көтермейді Марокко құрамасы Канаданы талқандап, ширек финалға шықты Бокс әлем чемпионы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілікті Еркебұлан Тоқтар бірінші раундта Артем Тарасовты нокаутқа жіберді Елена Рыбакина Уимблдон-2026-да үшінші айналымда жеңілді Күніне 30 минуттан артық отыру қатерлі ісік қаупін арттырады – зерттеу Миллиардтар қайда кетті: ҚазАвтоЖолдың «Жезқазған-Қызылорда» жолы сын көтермейді

Алматы әкімі қалада LRT желісінің салынатынын айтты

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде қалада LRT желісінің салынатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy-қа сілтеме жасаған Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

«Алматыда LRT желілерін салу мәселесі көптен бері талқыланып келеді. 2010 жылдан бастап бұл мәселе шешілмеген күйінде қалып отыр. Бұл мәселе әлі де өзекті ме? Төле би көшесінде трамвай рельстері әлі толық алынбаған», — деп сұрады әкімнен қала тұрғындарының бірі.

Ерболат Досаев болса заман талабына сай жаңа қоғамдық көліктің Саяхат вокзалынан Ақсайға дейін созылуы мүмкін екенін айтты.

«Біз қаланың даму жоспарына енгізген жаңа жоба – бұл трамвай түріндегі төмен қабатты LRT. Келесі жылдың көктемінде біз жобаның құнын түпкілікті шешеміз. Төле би көшесінде LRT болады. Қала үшін «Саяхат» автовокзалынан желілерді жалғап, Ақсайға дейін созу өте маңызды. Қазір жұмыс жалғасуда, жер учаскелерін сатып алу жүріп жатыр», — деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика