Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 25 қараша 2026 $ 456,7↑€ 498,5↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Уимблдон рекордшысы Леся Цуренко мансабын аяқтады • Бибисара Асаубаева жары Жавохир Синдаровқа әлем чемпионы атағы үшін матч алдында сәттілік тіледі • Қытай АҚШ-қа галлий, германий және графит экспортын бақылауды 28 қарашадан бастап тоқтатады • Роза Әлқожа директорымен бірге Тайландта демалды • «Қайрат» Молдовада украиндық «Атлетикті» 3:2 есебімен жеңді • Ақтауда «САНТ» театрының «Ірі ойын» қойылымы көрсетіледі • Уимблдон рекордшысы Леся Цуренко мансабын аяқтады • Бибисара Асаубаева жары Жавохир Синдаровқа әлем чемпионы атағы үшін матч алдында сәттілік тіледі • Қытай АҚШ-қа галлий, германий және графит экспортын бақылауды 28 қарашадан бастап тоқтатады • Роза Әлқожа директорымен бірге Тайландта демалды • «Қайрат» Молдовада украиндық «Атлетикті» 3:2 есебімен жеңді • Ақтауда «САНТ» театрының «Ірі ойын» қойылымы көрсетіледі •

    Александр Бублик жұптық сында ширек финалға шықты

    Фото:Sportbox

    Қазақстандық-италиялық жұп сальвадорлық Марсело Аревало – хорватиялық Мате Павичті 7:5, 7:6 (10:8) есебімен тізе бүктірді, деп хабарлады Qazaq.today агенттігі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

    Бір сағат 37 минутқа созылған матчта екеуі 3 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.

    А.Бублик – Л.Музетти жартылай финалға шығу үшін нидерландылықтар Робин Хасе – Ботик Ван де Зандшульппен таласады.

    Осылайша, Александр Бублик жекелей сында жарыс жолынан шығып қалғанымен, Лоренцо Музеттимен бірге доданы жалғастырады.

    Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге Делрэй-Бич (АҚШ) ATP 250 жарысында бақ сынады. Олар алғашқы айналымда аустралиялық Эндрю Харрис – германиялық Доминик Кёпферге 6:7 (5:7), 6:7 (4:7) есебімен есе жіберіп, ширек финалға шыға алмады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →