Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 17 тамыз 2026 $ 463,5 536,3 5,52
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда демалыс күндері жол қозғалысы ережесін бұзуға қарсы рейд өткізілуде Баян Мақсатқызы Канье Уэстің концертіне қатысты пікірін білдірді Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испаниядағы W35 турнирінде жеңімпаз атанды «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» атағы енгізілді Павлодардағы Ұлттық ұлан сарбазы шахматтан спорт шеберіне үміткер «Мұны қалай түсінуге болады?»: Баян Мақсатқызы Канье Уэсттің концертінен кейін ренішін білдірді Алматыда демалыс күндері жол қозғалысы ережесін бұзуға қарсы рейд өткізілуде Баян Мақсатқызы Канье Уэстің концертіне қатысты пікірін білдірді Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испаниядағы W35 турнирінде жеңімпаз атанды «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» атағы енгізілді Павлодардағы Ұлттық ұлан сарбазы шахматтан спорт шеберіне үміткер «Мұны қалай түсінуге болады?»: Баян Мақсатқызы Канье Уэсттің концертінен кейін ренішін білдірді

    Президентке Қатар Мемлекетінің негізін қалаған шейхтің қылышы табысталды

    Фото: Ақорда

    Президентке Қатар Мемлекетінің негізін қалаған шейх Джасим бен Мұхаммед бен Тәнидің қылышы табысталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Мемлекеттің негізін қалаушы шейх Джасим бен Мұхаммед бен Тәнидің қылышы – Қатардың ең жоғары мемлекеттік символы. Оны монархтарға, ханзадаларға және мемлекеттер басшыларына Қатар Мемлекетіне және бүкіл адамзаттың дамуына қосқан үлесі үшін Әмірдің өзі табыстайды.

    Бұл қылыш алғаш рет Сауд Арабиясының Королі Салман бен Абдулазиз Әл Саудқа табыс етілген (2016). Кейінірек қылыш Оман Сұлтаны Хайсам бен Тарекке (2021) және Испания Королі VI Филиппке (2022) сыйға тартылды.

    Бұл символ – Қатар Мемлекетінің негізін қалаушы шейх Джасим бен Мұхаммед бен Тәни (1827-1913) ұстаған қылыштың дәлме-дәл көшірмесі. Қыны алтынмен (18 карат) апталған, екі жағы әшекейленген. Жүзі бағалы, тот баспайтын болаттан құйылған, ал сабы түйе сүйегінен жасалып, агатпен және турмалинмен қапталған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →