Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге үндеу жасады

    Фото: ҚазАвтоЖол

    «ҚазАвтоЖол» компаниясы жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    13-14 ақпанда фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болжанады. Республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады, солтүстік облыстарда қалың қар жауады, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

    “Еліміздің батысында, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында 5 градус аяздан, -2 градусқа дейін жылынады деген болжам бар. Ал, 15 ақпанға қарай республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасы түнде 22-32, күндіз 15-27 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Құрметті жүргізушілер! Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережелерін қатаң сақтап, төтенше жағдай кезінде ауа-райының қолайсыздығын ескеріп, ұзақ жолға шықпауларыңызды сұраймыз”, — делінген автомобиль жолдарының ұлттық операторы таратқан хабарламада.

    Естеріңізге сала кетсек, барлық шұғыл ақпарат Сапар мобильді қосымшасында орналастырылуда, сондай-ақ 1403 қысқа номері бойынша тәулік бойы колл-орталық жұмыс істейді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →