Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 17 тамыз 2026 $ 463,5 536,3 5,52
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» атағы енгізілді Павлодардағы Ұлттық ұлан сарбазы шахматтан спорт шеберіне үміткер «Мұны қалай түсінуге болады?»: Баян Мақсатқызы Канье Уэсттің концертінен кейін ренішін білдірді Диана Скатова үйлену тойын тікелей эфирде ақылы түрде көрсетпек СҚО-да үлкендігі тауықтың жұмыртқасындай бұршақ жауды «Жүкті әйел болған»: Оралда жантүршігерлік жол апатынан екі әйел қаза тапты «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» атағы енгізілді Павлодардағы Ұлттық ұлан сарбазы шахматтан спорт шеберіне үміткер «Мұны қалай түсінуге болады?»: Баян Мақсатқызы Канье Уэсттің концертінен кейін ренішін білдірді Диана Скатова үйлену тойын тікелей эфирде ақылы түрде көрсетпек СҚО-да үлкендігі тауықтың жұмыртқасындай бұршақ жауды «Жүкті әйел болған»: Оралда жантүршігерлік жол апатынан екі әйел қаза тапты

    Ұлытауда мәдениет басқармасының басшысы пара алды деген күдіккке ілінді

    Фото: Inbusiness.kz

    Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

    Антикордың хабарлауынша, ол облыс аумағындағы ежелгі қорымдардағы археологиялық қазбалар жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша актілерге қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігер ұйымнан 2 млн теңге көлемінде пара алу бойынша күдікті.

    Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

    Тергеу жалғасуда.

    Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

    Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →