Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 $ 466,7 538,9 5,66
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шын өкінемін: Шерхан Аймахан соттағы соңғы сөзін айтты Павлодарда көлігіне жалған нөмір таққан жүргізуші қамауға алынды Алматыда Канье Уэст концертіне кіру сызбасы жарияланды Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады Оңтүстік Африка Республикасында қоқыс үйіндісі құлап, 14 адам опат болды Елімізде ұзақ жасаған адамдардың көбі қалалық зейнеткерлер Шын өкінемін: Шерхан Аймахан соттағы соңғы сөзін айтты Павлодарда көлігіне жалған нөмір таққан жүргізуші қамауға алынды Алматыда Канье Уэст концертіне кіру сызбасы жарияланды Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады Оңтүстік Африка Республикасында қоқыс үйіндісі құлап, 14 адам опат болды Елімізде ұзақ жасаған адамдардың көбі қалалық зейнеткерлер

    Елімізде киік атуға қайтадан тыйым салынды

    Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

    Еліміздің аумағында киік аулау уақытша тоқтады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде орман қорғау тақырыбына арналған Үкімет сағатынан кейін тілшілерге ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    «Отандық ғалымдармен және халықаралық сарапшылармен кеңесіп, пікірталас жүргізгеннен кейін киік ату тоқтатылды. Сонымен қатар, қазір қыс кезінде далада жүру қиындады. Сондықтан 10 ақпаннан бастап киіктердің санын реттеу процесін тоқтаттық», — деді Е. Нысанбаев.

    Оның айтуынша, киік аулау жұмыстары келесі жылы жалғасады.

    «Былтырғы тәжірибені ескере отырып, биыл егжей-тегжейлі есеп жүргізіледі. Алдын ала есептеу бойынша шамамен 40 пайыз өсім болды. Жалпы, былтырғы өсімді есепке алғанда төлдейтін уақытта шамамен 2,5-2,6 миллион бас болады. Тіпті пессимистік жағдайда да биыл өсім байқалады», — деді министр.

    Дереккөз: KAZINFORM

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →