Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына шықты • Санжар Мәди Алматыдағы жедел жәрдем ауруханасының жағдайын сынға алды • Каспийде ҰҚК Шекара қызметі 126 құқық бұзушыны ұстады • Бахрейндегі Азия чемпионатында қазақ фехтованиешілері екі қола медаль алды • Қуат Хамитов Душанбеде жеңіске жетіп, футболға бөлінетін қаржыны сынға алды • «Шымыр»: Ержанов сценарийі Матжановтың қолында қалай жанданды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына шықты • Санжар Мәди Алматыдағы жедел жәрдем ауруханасының жағдайын сынға алды • Каспийде ҰҚК Шекара қызметі 126 құқық бұзушыны ұстады • Бахрейндегі Азия чемпионатында қазақ фехтованиешілері екі қола медаль алды • Қуат Хамитов Душанбеде жеңіске жетіп, футболға бөлінетін қаржыны сынға алды • «Шымыр»: Ержанов сценарийі Матжановтың қолында қалай жанданды •

    Мұхамедиұлы ісі: 460 мың доллар көлеміндегі параға қатысты сот өтіп жатыр

    Фото: Pixabay

    Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі Ғалия Ысқақованың 460 мың доллар көлеміндегі пара берді деп айыпталуына қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Stan.kz мәліметінше, Ғалия Ысқақова Арыстанбек Мұхамедиұлының жазасын жеңілдету және қамаудан босату үшін адвокатқа пара берді деген күдікке ілініп отыр. Экс-шенеуніктің жұбайы ақша бергенін мойындаған. Бірақ мұндай әрекетті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство қызметкерлерінің қысымымен жасағанын айтып отыр.

    Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы Сейфулла Тасымбетов аштық жариялаған Мұхамедиұлының өтінішін қанағаттандырып, Антикор қызметкерлері тарапынан азаптау және құқыққа қарсы шаралар деректерін тексеру туралы қаулы шығарды.

    Ал өтінішін қанағаттандыратын қаулы туралы айтылғаннан кейін Мұхамедиұлы судьяға алғысын білдіріп, аштық жариялауды тоқтатқысы келетінін айтып, сот отырысын тоқтатуды сұрады.

    Айта кетейік, бұған дейін Арыстанбек Мұхамедиұлы «аштық жариялаймын» деп сес көрсеткен еді.

    «Менің құқыма шек келтірсе, ресми түрде аштық жариялаймын. Олар не қаласа, оны қаласын!» — деді ол.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →