Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 21 қыркүйек 2026 $ 447,2 513,7 5,32
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан Президенті Ресей көшбасшысын Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады Рамзан Қадыров Шешенстан басшысы сайлауында айқын басымдықпен жеңіске жетті Әсел Қанай каратэден Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді Мемлекет басшысы Армения елінің басшыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтады Ақтөбеде емтихандар апатпен аяқталуда: жүргізушілерді қалай даярлап жатыр? Геннадий Головкин Моңғолия ҰОК басшысымен маңызды келісімге қол қойды Қазақстан Президенті Ресей көшбасшысын Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады Рамзан Қадыров Шешенстан басшысы сайлауында айқын басымдықпен жеңіске жетті Әсел Қанай каратэден Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді Мемлекет басшысы Армения елінің басшыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтады Ақтөбеде емтихандар апатпен аяқталуда: жүргізушілерді қалай даярлап жатыр? Геннадий Головкин Моңғолия ҰОК басшысымен маңызды келісімге қол қойды

    Қазақ әскері Ресеймен шекарада оқу-жаттығу өткізіп жатыр

    Оқу-жаттығу барысында облыс орталығының кейбір көшелерінде қозғалыс шектеледіҚостанай облысында «Бекет-2022» ведомствоаралық оқу-жаттығуы басталды. Бұл туралы Qazaq.today ақпараттық агенттігі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Кешенді оқу-жаттығуға қатысушыларға ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету, әртүрлі ведомстволық күштердің өзара іс-қимыл элементтерін пысықтау, аумақтық қорғаныстың уәкілетті органдары мен бөлімшелерінің жұмылдыру әзірлігінің жай-күйін тексеру міндеттері жүктеледі.

    «Бұл оқу-жаттығуға Қостанай облысының аумақтық қорғаныс құрамасында есепте тұрған әскери міндеттілер шақырылды. Оларға жауынгерлік оқудың негізгі пәндері бойынша сабақ өткізіледі.

    Екі кезеңде өтетін оқу-жаттығудың белсенді фазасы 21 қыркүйекте басталады. Мемлекеттік органдар мен күштік ведомстволардың өкілдері бес күн бойы «Бекет-2022» оқу-жаттығуының бекітілген жоспары бойынша дағдарыстық жағдайды еңсерудің және сыртқы қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың түрлі сценарийлерін пысықтайтын болады», — делінген хабарламада.

    Оқу-жаттығу барысында облыс орталығының кейбір көшелерінде қозғалыс шектеледі. Ол жайлы жергілікті тұрғындарға қосымша хабарланатын болады.

    Айта кетейік, Ресей президенті Владимир Путин бүгін ішінара мобилизациялау туралы жарлыққа қол қойды. Ол  бүгіннен басталады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →