Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады • «Төреғали аяқ киімін шешіп, кері лақтырар еді»: Қайрат Нұртастың мінезі талқыға түсті • Алматы әкімдігі жылу болмаған жағдайда қайда жүгіну керектігін еске салды • Құрылтай жанынан жаңа кеңес құрылады: Мәслихаттар заң әзірлеуге қатысады • Қазақстанға бес жылда $114 млрд инвестиция тартылды: жаңа өндірістерге жол ашылды • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады • «Төреғали аяқ киімін шешіп, кері лақтырар еді»: Қайрат Нұртастың мінезі талқыға түсті • Алматы әкімдігі жылу болмаған жағдайда қайда жүгіну керектігін еске салды • Құрылтай жанынан жаңа кеңес құрылады: Мәслихаттар заң әзірлеуге қатысады • Қазақстанға бес жылда $114 млрд инвестиция тартылды: жаңа өндірістерге жол ашылды •

    «20 мың берем, ұрмашы»: желіде бір топ жігіттің жас баланы азаптаған видеосы тарады

    Ақтау қаласында бір топ адам жас жігітті азаптап, қинаған. Күдіктілер жігіттің жалынғанына қарамастан соққыға жыққан, деп хабарлады Qqazaq.today ақпараттық порталы.

    Әлеуметтік желіге тарап кеткен видео елдің наразылығын тудырды. Бірақ ашулы топ «айыптыны» өз беттерінше жазалаған. Жігіттің қолын тастың үстіне қойып, шынжырмен бірнеше рет ұрған. Артынша сол шынжырмен денесінен және басынан сабаған. Қан-жоса болған жас жігіт азаптаушылардан құтылу үшін ақша да ұсынып көреді. Бірақ, қаскөйлер оны ұруын тоқтатпайды. Олардың бірі жәбірленген бозбаланың есірткі тасымалдаушысы екенін және сол үшін жазаланып жатқанын айтып қалады. Оқиғаның қашан болғаны әзірге белгісіз.

     

    «Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (бұзақылық) бойынша СДБТТ Ақтау қаласы ПБ тіркелді. Қазіргі уақытта бұл оқиғаға қатысушылар анықталды. Оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр»,  — деп хабарлады Ақтау қалалық ПБ баспасөз қызметі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →