Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    2026 жылғы 31 қазандағы барлық зодиак белгілеріне арналған күнделікті жұлдыз жорамалы • Қазақтың киіз өнері әлемдік рекордқа тіркелді: 500 туынды сертификатталды • United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр • «Астана Операда» «Чарли мен Ирэн» балет-комедиясының әлемдік премьерасы өтті • Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде бесінші орын алды • Куат Хамитов ММА-да 29-шы жеңісін алып, қазақстандық футболды сынға алды • 2026 жылғы 31 қазандағы барлық зодиак белгілеріне арналған күнделікті жұлдыз жорамалы • Қазақтың киіз өнері әлемдік рекордқа тіркелді: 500 туынды сертификатталды • United Airlines Қазақстан мен Өзбекстан нарықтарының әлеуетін зерттеп жатыр • «Астана Операда» «Чарли мен Ирэн» балет-комедиясының әлемдік премьерасы өтті • Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде бесінші орын алды • Куат Хамитов ММА-да 29-шы жеңісін алып, қазақстандық футболды сынға алды •

    Қазақстандықтар неліктен өз елтаңбамызбен таныс емес?

    Жаңа Адамдар елтаңба рәмізі туралы, Қазақстандықтардың пікірін білу үшін, Астана мен Алматы қалаларында 500-ден астам әр-түрлі жастағы тұрғындардан, әлеуметтік сауалнама жүргізу арқылы, зерттеу жасады және шыққан қорытындының ойландыратыны сөзсіз. Сауалнама жүргізу кезінде, тұрғындарымыздың басым көпшілігінің есіне еліміздің рәмізінің бейнесі түспеді. Сауалнамаға қатысушылардың 70% елтаңбамыздың бейнесіндегі жекелеген элементтерінің мән мен мағынасын түсінбейтінін көрсетті. Сауалнамаға қатысушылардың 30% ғана алты бірдей ұқсас рәміздер арасынан біздің төл елтаңбамызды нақтылап, танып көрсете алды. Тіпті көбісінің ұқсас рәміздер арасынан қанатты тұлпары бар өзіміздің елтаңбамызды емес, құстар мен айдаһар бейнеленген өзге рәміздерді көрсеткендері таң қалдырды.

     

    https://www.instagram.com/reel/C2mGFOosKm3/?igsh=bHBpdnBpN2ZleHp0

    Сауалнама барысында отандастарымыздан біздің мемлекетімізді адами қасиеттермен сипаттап беруін сұраған болатынбыз.

    Астана мен Алматы қалаларындағы тұрғындардың басым көпшілігі бірдей жауап берді. Қазақстан — бұл қонақжайлылық, еркіндік, отбасы құндылықтары мен бірлік.

    Бірақ та, осы айтылған басты құндылықтарды қазіргі біздің елтаңбамызда көре алмағандары жайлы респонденттердің басым көпшілігі атап өтті.

    Мемлекетіміздің қазіргі елтаңбасы бірлік пен ынтымақ шақырып, рәміз ретінде өз маңына шоғырландыра алады ма? Сауалнама қорытындысы қарапайым тұрғындарымыздың рәміз мағынасын түсінбейтінін және тани алмайтынын да көрсетті. Қарапайым халық үшін рәміз — кітап беттеріндегі сурет секілді немесе міндетті түрде басшылардың кабинеттерінде ілініп туруы керек мемлекеттік дүние ретінде қабылданғандай, елтаңбамыздың семиотикаға немесе мағынаға ие болмағандығы ма?

    Неліктен бұндай қорытындыға келдік? Мәселе Қазақтандықтарда ма? Әлде кінәрат рәмізімізде ме?

    Күрделі, эклектикалық мағынамен, советтік үкіметтен қалған элементтер, рәмізіміздің нұрын тұмшалаған іспетті және бізді бір ұлт ретінде шоғырландыру міндетін атқара алмайтын халде.

    Омирзаков Мади, Жаңа Адамдар:

    «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа әділетті Қазақстанды құру бағдарын ұсынды. Қарапайым халықтың, ұсыныстарымен өтініштерін, тыңдай білетін мемлекетті қалыптастыру. Осы арада, жаңа рәмізіміз туралы ой толғансақ, жаңарған жаңа Қазақстанның жаңа рәмізі

    жаһандық кедергілерден тайсалмай өту жолында, халқымыздың бірлігімен ынтымағын күшейтері сөзсіз”.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →