Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 23 қараша 2026 $ 456,0↑€ 500,2↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дияр Нұрғожай: Рейтинг — бұл жай ғана сан • Дияр Нұрғожай Шавкат Рахмоновты UFC турнирінің басты жекпе-жегіне ұсынды • Шахматтан әлем чемпионы атағы үшін Гукеш Доммараджу мен Жавохир Синдаров кездеседі • Махачев Усман Нурмагомедов пен Мераб Двалишвили арасындағы төбелеске қатысты пікір білдірді • Селиваненко: Мирра Андреева — маусымның ең жарқын теннисшілерінің бірі • Асқар Биржанов юниорлар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды • Дияр Нұрғожай: Рейтинг — бұл жай ғана сан • Дияр Нұрғожай Шавкат Рахмоновты UFC турнирінің басты жекпе-жегіне ұсынды • Шахматтан әлем чемпионы атағы үшін Гукеш Доммараджу мен Жавохир Синдаров кездеседі • Махачев Усман Нурмагомедов пен Мераб Двалишвили арасындағы төбелеске қатысты пікір білдірді • Селиваненко: Мирра Андреева — маусымның ең жарқын теннисшілерінің бірі • Асқар Биржанов юниорлар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды •

    Қазақстандық оқушылар халықаралық пәндік олимпиадада 23 медаль жеңіп алды

    Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, олар 4,5 млн теңгеге дейін сыйақы мен отандық ЖОО-да оқуға гранттар алады. Бұл туралы qazaq.today сайты Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап хабарлайды.

    Ең беделді халықаралық пәндік олимпиадаларда қазақстандық оқушылар 3 алтын, 13 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды. Яғни аралық қорытынды бойынша ұлттық құрама қоржынында 6 пән бойынша 23 медаль бар.

    Математикадан халықаралық олимпиадада Қазақстан құрамасы 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алған. Команд 174 ұпай жинап, еліміздің олимпиадаға қатысу тарихындағы жаңа рекордын орнатты. Бұл соңғы 12 жылдағы үздік нәтиже болды.

    Физикадан халықаралық олимпиадада оқушылар 1 алтын, 4 күміс медальға ие болды. Бұл соңғы 8 жылдағы ең жақсы көрсеткіш. Ал географиядан өткен халықаралық олимпиадада екінші жыл қатарынан алтын медаль жеңіп алды. Биыл да 1 қола медальға ие болды.

    Биологиядан халықаралық олимпиадаға қатысушылар 3 күміс және 1 қола жеңіп алып, былтырғы нәтижелерін жақсартты.Зияткерлік сайысқа қатысқан жас химиктер 1 алтын және 3 күміс жеңіп алды.

    Сонымен қатар қазақстандық оқушылар лингвистикадан халықаралық олимпиадада алғаш рет 2 қола медаль жеңіп алды.

    «Алдағы уақытта информатикадан халықаралық олимпиада өтеді. Мен оқушыларымыздың халықаралық олимпиадада ел намысын абыроймен қорғайтынына сенімім мол. Олимпиадаға қатысушылар мен жүлдегерлерге қажырлы еңбектері, күш-жігерлері мен табандылықтары үшін алғыс айтамын. Күнделікті жұмысы және жоғары кәсібилігі үшін әріптестеріме де рахмет айтқым келеді. Биыл Президенттің қолдауының арқасында алғаш рет оқушыларымыз 4,5 млн теңгеге дейін ақшалай сыйақыға және ҰБТ-дан өтпей-ақ қазақстандық жоғары оқу орындарында оқу үшін грантқа ие болады. Алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК, күміс медальға 1 000 АЕК, қола медальға 500 АЕК көлемінде ақшалай сыйлық беріледі. Оқушыларды жарысқа дайындаған ұстаздар да біржолғы сыйақы алады», — деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →