Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 6 қазан 2026 $ 448,5↓€ 501,6↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Оман Сұлтанын қарсы алды • «Уәде еткен паркинг жоқ, енді жерін де алып қоймақ»: Астанада тұрғындар құрылысқа қарсы шықты • Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытындағы 250-ден астам электролиз ваннасын жаңартады • «Петропавлда адам түгілі, көлік әрең өтеді»: тұрғындар күн сайын батпақ кешуге мәжбүр • «Үш рет от шыққан»: Алматыдағы тұрғын үйдің қасбетіндегі жарық тағы тұтанды • Алматының Медеу ауданында абаттандыру тәсілін өзгертіп жатыр • Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Оман Сұлтанын қарсы алды • «Уәде еткен паркинг жоқ, енді жерін де алып қоймақ»: Астанада тұрғындар құрылысқа қарсы шықты • Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытындағы 250-ден астам электролиз ваннасын жаңартады • «Петропавлда адам түгілі, көлік әрең өтеді»: тұрғындар күн сайын батпақ кешуге мәжбүр • «Үш рет от шыққан»: Алматыдағы тұрғын үйдің қасбетіндегі жарық тағы тұтанды • Алматының Медеу ауданында абаттандыру тәсілін өзгертіп жатыр •

    Ақордада Того президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті

    Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

    «Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Того республикасының президенті Фор Эссозимна Гнассингбені салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Aqorda. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фор Эссозимна Гнассингбе бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды. Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі.

    «Келіссөздер барысында екіжақты сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективалары, сондай-ақ Қазақстанның Африка құрлығындағы мемлекеттермен өзара ықпалдастық мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр», — делінген хабарламада.

    Келесі жылы Қазақстан мен Того арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 10 жыл толады. Того – Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Халқының саны 8,645 млн. Ресми тілі – француз тілі. 1960 жылдан бастап ел БҰҰ-ға мүше, ал 1963 жылдан Африка Бірлігі ұйымының мүшесі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →