Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↑€ 506,7↑₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Семейде балконда тұрған газ баллоны тұтанып кеткен • «Кеудесінен ұрғаны несі?»: сабақ өткізбек болған Айгүл Иманбаева сөз естіді (ВИДЕО) • Жөкей көлінен 33 келі балық ауладғандар алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін • Ыстамбұлдағы нөсер жауынның кесірінен ұшақ рейстері жаппай тоқтап жатыр • «Бір перзентінің қызығын көрмеді»: Ырысбала әкесі жайлы айтып жылап қалды (ВИДЕО) • Семейде сәбиді қоқысқа тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды • Семейде балконда тұрған газ баллоны тұтанып кеткен • «Кеудесінен ұрғаны несі?»: сабақ өткізбек болған Айгүл Иманбаева сөз естіді (ВИДЕО) • Жөкей көлінен 33 келі балық ауладғандар алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін • Ыстамбұлдағы нөсер жауынның кесірінен ұшақ рейстері жаппай тоқтап жатыр • «Бір перзентінің қызығын көрмеді»: Ырысбала әкесі жайлы айтып жылап қалды (ВИДЕО) • Семейде сәбиді қоқысқа тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды •

    Тоғыз айға 9 іс-шара тұжырымдамасы: оқушылар арасында асық ату ойыны өтті

    Алматыда оқушылар арасында ұлттық ойынды кеңінен насихаттау басталды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі. Алатау ауданындағы № 205 жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында  «Асық ату» челленджі өтті. Мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімдердің ұйымдастыруымен “Бес асық” және “Бес табан” жалпы ұлттық ойындары ұйымдастырылды.

    «Челлендждің мақсаты — білім алушыларды рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық бағытта тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды сақтау және ұлттық ойындарды дәріптеу.
    Міндеттері:
    — қазақ халқының ұлттық ойындарын жаңғырту және насихаттау;
    — қазақ халқының ұлттық құндылықтарын қастерлеу;
    — оқушыларды асық ойынына баулу.

     


    «Ұлттық ойындар – адамға қанат бітіріп, шабыттандыратын ғажайып сайыстар, ол денсаулықтың ғана емес, өмір үйлесімділігінің кепілі. Мәселен, асық ойнау баланың жүйке-бұлшықет жүйесін шынықтырады, дүниетанымын кеңейтеді, оның шапшаң қимылдауына әсер етеді, сондай-ақ көру қабілетін жақсартады. Бұл акция өз елі үшін, халық құндылығы үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға, қазақ халқының мәдениеті мен тарихына қызығушылықты арттыруға бағытталған», — деді № 205 жалпы білім беретін мектептің әкімшілігі. 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →