Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қостанайда Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумы басталады

    Қостанайда «Ауыл шаруашылығы – мықты экономиканың негізі» тақырыбында Қазақстан мен Ресейдің XIX өңіраралық ынтымақтастық форумы өз жұмысын бастайды. Форумға бейнеконференцбайланыс режимінде екі мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин қатысады.

    Өңіраралық алаңда бизнес, салалық мемлекеттік орган, ведомстволары, ғылыми топ өкілдері, екі ел өңірлерінің басшылары жиналады.

     

    «Форум Қазақстан-Ресей Іскерлік кеңесінің отырысынан басталып, қатысушылар шекаралас өңірлердің ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, соның ішінде ауыл шаруашылығы техникасын жасау, АӨК-тегі көлік инфрақұрылымын дамыту мен ауыл шаруашылығы жобаларын техникалық сүйемелдеу мәселелерін талқылайды», – деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігі.

     

    Іскерлік кеңестен басқа, үш панельдік сессия өткізу жоспарланған. Олар «Қазіргі жағдайда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету», «Агроөнеркәсіп кешеніндегі цифрлық технологиялар», «Жастар және ауыл шаруашылығы: білім берудегі жаңа үрдістер» тақырыбында болады.

    Форум қорытындысы бойынша өңіраралық және коммерциялық құжаттарға қол қойылады деп жоспарланып отыр.

    Ресей Федерациясы – Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты сауда көлемі 27 млрд АҚШ доллары (экспорт – 9,1 млрд доллар, импорт – 17,9 млрд доллар) болды. Бұл – Қазақстанның жалпы тауар айналымының 20%-ы (19,9%). Биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында сауда көлемі 17 млрд доллар болды. Бұл – өткен жылғы көрсеткіштен 1,1% жоғары.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →