Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Петропавлда қыз қозғалыстағы көліктен секіріп, басқа көлік қағып кетті • Иорданиядағы шіркеу маңындағы шабуылдан жеті адам қаза тапты • Республика күні: Алматыда 880 орындық үш жаңа мемлекеттік балабақша ашылды • Атырауда әдепсіз сөз айтқан қыздың ата-анасы жауапкершілікке тартылды • Дархан Сатыбалды Республика күніне орай Мемлекет басшысының атынан алматылықтарға мемлекеттік наградалар табыстады • Сексологтар: ер адамдардың 90%-дан астамы үшін төсектегі шынайы дыбыстар – басты қоздырғыш • Петропавлда қыз қозғалыстағы көліктен секіріп, басқа көлік қағып кетті • Иорданиядағы шіркеу маңындағы шабуылдан жеті адам қаза тапты • Республика күні: Алматыда 880 орындық үш жаңа мемлекеттік балабақша ашылды • Атырауда әдепсіз сөз айтқан қыздың ата-анасы жауапкершілікке тартылды • Дархан Сатыбалды Республика күніне орай Мемлекет басшысының атынан алматылықтарға мемлекеттік наградалар табыстады • Сексологтар: ер адамдардың 90%-дан астамы үшін төсектегі шынайы дыбыстар – басты қоздырғыш •

    «Қойшы иесінің малын 16 млн теңгеге сатып жіберген»: Түркістандық шаруа жанайқайын жеткізді

    Түркістан облысында қойшы бастығының 16 млн теңгеге малын сатып жіберген, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Ордабасы аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ер адамның сөзінше, оның малшыларының бірі асыл тұқымды 200-ден астам қойларын талан-таражға салған.

    Осылайша, жергілікті тұрғынға 16 млн теңгеден асатын шығын келген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 189-бабы («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу») бойынша тіркеуге алған. Белгілі болғандай, күдікке ілінген қойшы Арыс қаласының тұрғыны болып шықты.

    Ол 2021 жылдан бастап бағып жүрген малдарды шетінен сата берген. Қойшы несиелері мен қарыздарын өтеу үшін бұндай қылмысқа барғанын мойындап отыр. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды, оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →