Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Петропавлда қыз қозғалыстағы көліктен секіріп, басқа көлік қағып кетті • Иорданиядағы шіркеу маңындағы шабуылдан жеті адам қаза тапты • Республика күні: Алматыда 880 орындық үш жаңа мемлекеттік балабақша ашылды • Атырауда әдепсіз сөз айтқан қыздың ата-анасы жауапкершілікке тартылды • Дархан Сатыбалды Республика күніне орай Мемлекет басшысының атынан алматылықтарға мемлекеттік наградалар табыстады • Сексологтар: ер адамдардың 90%-дан астамы үшін төсектегі шынайы дыбыстар – басты қоздырғыш • Петропавлда қыз қозғалыстағы көліктен секіріп, басқа көлік қағып кетті • Иорданиядағы шіркеу маңындағы шабуылдан жеті адам қаза тапты • Республика күні: Алматыда 880 орындық үш жаңа мемлекеттік балабақша ашылды • Атырауда әдепсіз сөз айтқан қыздың ата-анасы жауапкершілікке тартылды • Дархан Сатыбалды Республика күніне орай Мемлекет басшысының атынан алматылықтарға мемлекеттік наградалар табыстады • Сексологтар: ер адамдардың 90%-дан астамы үшін төсектегі шынайы дыбыстар – басты қоздырғыш •

    10 мың теңгелік ақшамен мұрнын сүртіп, өртеген жігіттер елдің ашуын туғызды

    Ұлттық валютаны қорлағандардың видеосы әлеуметтік желіде жарияланған. Жұртшылық жазбадағы жігіттерді тауып, жауапқа тартуды талап етуде.

    Жігіттердің бірі 10 мың теңгелік купюрамен мұрнын сүртсе, екіншісі ақшаны өртеп, онымен темекісін тұтатқан, деп хабарлайды Экспресс К

    Бұл жағдай жайлы Нұрболат Туысбайұлы есімді Facebook қолданушысы жазған. Жазбада белгісіз екі адамның ұлттық валютаны өртеп, ойына келгенін істегені айтылған.

    «Атың шықпаса, жер өртенің» кері. Не деген иттік десеңші. Қай қалада, қай жерде түсірілгені белгісіз. Егер Қазақстанда болған оқиға екені расталса, ұлттық валютамызды сыйламаған екеу жазасыз қалмайды деп сенеміз, — дейді ол.

    Сондай-ақ, видеодағы жігіттер 200 мың теңгені қоқыс жәшігінде жағып жіберіпті деген де мәлімет бар. Видеоны көргендер екі азаматты да жауапкершілікке тартып, жазалау қажеттігін жазыпты. Пікір білдірушілер ұлттық валютаны бұлай қорлауға жол бермеу керек деп санайды.

    Кейіннен шу болған бейнежазбадағы жігіттер әлеуметтік желі арқылы жағдайды түсіндіріп, жүртшылықтан кешірім сұрады. Николай және Евгений есімді екеуі астананың тумалары екен. Музыкалық жобада еңбек ететін олардың түсіндірулері бойынша, мұндай әрекетті әзіл үшін жасаған. Видеода өртелген купюралар өтірік ақша екен.

    Мұндай купюраларда ешқандай мемлекеттік символика жоқ. Жәй ғана қағаз. Біз ұлттық валютаны қорлағымыз келген жоқ. Сәтсіз шыққан әзіліміз үшін барша қазақстандықтардан кешірім сұраймыз, — дейді жазбадағы жігіттер.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →