Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 450,2↓€ 505,8↓₽ 5,44↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырауда ұлынан қорлық көрген қария сот алдында оқиғаны ұмытып қалды • Азия Пара ойындары: қоржынымыз тағы бір алтынмен толықты • Ақтөбе облысындағы шахтада 24 жастағы жұмысшы ажал құшты • Шекарадағы кептеліс қашан бітеді? Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәселе Мәжілісте көтерілді • Өзбекстанға өтетіндер көбеймек: «Жібек жолы» бекеті тәулігіне 70 мың адам қабылдайды • Бір орталық – төрт бағыт: «Қазақмыс» өндірісті цифрлық басқаруға көшті • Атырауда ұлынан қорлық көрген қария сот алдында оқиғаны ұмытып қалды • Азия Пара ойындары: қоржынымыз тағы бір алтынмен толықты • Ақтөбе облысындағы шахтада 24 жастағы жұмысшы ажал құшты • Шекарадағы кептеліс қашан бітеді? Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәселе Мәжілісте көтерілді • Өзбекстанға өтетіндер көбеймек: «Жібек жолы» бекеті тәулігіне 70 мың адам қабылдайды • Бір орталық – төрт бағыт: «Қазақмыс» өндірісті цифрлық басқаруға көшті •

    «Дикий Арман» тергеу изоляторынан жоғалып кеткен

    Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда алаңға шыққан «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті құқық қорғау органдары қамауға алған еді. Ал, бүгін әлеуметтік желі мен БАҚ-та оның тергеу изоляторында жоқ екені туралы ақпарат тарады.

    Дәлірек айтсақ, бүгін Жұмагелдиевтің адвокаты Талғат Есімов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Алматы қалалық департаментінің уақытша ұстау изоляторының жанында тұрған видеосын жүктеді.

    «Бізге бейресми дереккөздер бойынша белгілі болғандай, қорғауымыздағы Арман Жұмагелдиевті осы жерге әкелген. Бірақ, қазір ол ешқайда жоқ. Департаменттің кезекшісі изолятордың телефонын бере алмады», — дейді Талғат Есімов.

    Осы сөздерден кейін ол ары қарай департамент ғимаратына кіргісі келгенмен, есікі жабық екенін көрсетеді. Адвокаттың айтуынша, құзырлы органдар Жұмагелдиевтің қайда екеніне қатысты әзірге жауар бермеген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →