Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Теміртауды кәріз суы басып жатыр: Әкімдік пен жауаптылар құр уәдеден асар емес Тозақтағы тұрғындар: Көкшетауда тарақандар қаптады Қоқысқа батқан демалыс орны: Ақтөбе жағажайларындағы бейберекеттік пен әкімдіктің әрекетсіздігі Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты Air Astana Дубайға рейстерін қайтадан күзге дейін тоқтатты Карантин енгізілді: Қостанай облысында ірі қарадан тараған бруцеллез адамдараға да жұққан Теміртауды кәріз суы басып жатыр: Әкімдік пен жауаптылар құр уәдеден асар емес Тозақтағы тұрғындар: Көкшетауда тарақандар қаптады Қоқысқа батқан демалыс орны: Ақтөбе жағажайларындағы бейберекеттік пен әкімдіктің әрекетсіздігі Тоқаев Ұлытау облысының әкімін қызметінен босатты Air Astana Дубайға рейстерін қайтадан күзге дейін тоқтатты Карантин енгізілді: Қостанай облысында ірі қарадан тараған бруцеллез адамдараға да жұққан

    Жетісу облысының полициясы журналисті жалаңаш күйінде видеоға түсіргенін мойындады

    Жетісу облысының полициясы журналист Сандуғаш Дүйсеноваға қатысты қоғамда тараған резонансқа жауап берді. Бұған дейін журналист өзін жалаңаш күйінде камераға түсіргенін мәлімдеген еді. Полиция оны жоққа шығармады. Керісінше, тінту заңға сай жүргізілген деп отыр, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

    «БАҚ-та және әлеуметтік желілерде азамат Д. ұстау кезінде полиция қызметкерлері тарапынан заңсыз әрекеттер орын алған туралы ақпарат таратылуда. 11 тамызда соттың санкциясымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында азамат Д-ға жеке тінту жүргізілгенін хабарлаймыз. Жеке тінту рәсімі тергеуші, криминалист және екі куәгердің қатысуымен (барлығы тiнтілген адаммен бір жынысты) Қылмыстық-процесік кодексінің талаптарына қатаң сәйкес жүзеге асырылды.

    Осы тергеу әрекетін жүргізу кезінде ғылыми-техникалық құралдарды (бейнекамера) қолдану міндетті және ҚПК-мен реттеледі», — делінген облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

    Тінту барысында журналист Сандуғаш Дүйсеновадан тыйым салынған заттар табылмаған. Журналистің сөзінше, ол сотталған қылмыскердің жеке мәліметін таратқан.

    Еске сала кетейік, осыған дейін журналист Сандуғаш Дүйсенова изоляторда қандай қорлық көргенін әлеуметтік желіде жазған болатын. Ол тергеу кезінде төстартқышсыз ер адамдардың алдында жүруіне тура келгенін айтты.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →