Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Щучинск әкіміне даулы тікелей эфирі үшін сөгіс берілді

    Щучинск қаласының басшысы даулы тікелей эфирі үшін қатаң сөгіс алды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

    Жуырда Щучинск қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетов әлеуметтік желіде тікелей эфир өткізген. Оны бітіргеннен кейін әкімдік қызметкері эфирді өшіре алмаған. Эфир тоқтатылды деп ойлаған әкім сұрақ қойған журналиске қатысты дөрекі сөз айтады.

    Шаһар басшысының өрескел қылығы желіде қызу талқыланды. Бастапқыда халық әкімнің дөрекі сөздері өздеріне бағытталды деп ойлаған. Кейін Олжас Нұрмағамбетов эфир жазбасын жариялап, «бір жерге» барлық тұрғындарды емес, тек желідегі жергілікті парақшалардың бірін жібергенін түсіндірді. Бірақ бұл оған жазадан құтылуға көмектеспеді.

    КТК телеарнасының хабарлауынша, қызметтік тергеу барысында дәлелдер табылған.

     

    “Ақпарат расталды. Нұрмағамбетовке қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Бүгінгі күні осындай ереже бар: егер қызметкер өзінің бұзушылығын мойындаса, онда тәртіптік кеңесте, әдеп жөніндегі кеңесте қараусыз қалуға болады”, — деді Ақмола облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Айнагүл Жанаділова.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →