Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 3 қазан 2026 $ 442,4↑€ 497,8↓₽ 5,31↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада AI & Digital Bridge 2026 форумы: ЖИ мен цифрлық технологиялар бойынша келісімдер жасалды • ҰҚК алаяқтыққа күдікті азаматты Астанаға экстрадициялады • Мариан Журавлева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды • «Әділет» партиясы орта бизнесті дамыту жолдарын талқылады • ҚазҰУ Қытай серіктестерімен жасанды интеллект және энергетика саласында үш келісімге қол қойды • Мерей Қабдуллаев Азия ойындарының финалына шықты • Астанада AI & Digital Bridge 2026 форумы: ЖИ мен цифрлық технологиялар бойынша келісімдер жасалды • ҰҚК алаяқтыққа күдікті азаматты Астанаға экстрадициялады • Мариан Журавлева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды • «Әділет» партиясы орта бизнесті дамыту жолдарын талқылады • ҚазҰУ Қытай серіктестерімен жасанды интеллект және энергетика саласында үш келісімге қол қойды • Мерей Қабдуллаев Азия ойындарының финалына шықты •

    Түркиядағы жол апаты: тағы бір қазақстандық қайтыс болды

    30 шілдеде Түркияның Алания қаласында болған жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың тағы біреуі ауруханада жан тапсырды.Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

    Түрік дәрігерлерінің ақпаратына сәйкес, кеше түнде тағы бір ҚР азаматы Алания мемлекеттік емханасында қайтыс болды.

    «Қазіргі уақытта қайтыс болған азаматымыздың туыстары емханада. Оларға қажетті көмек көрсетілуде. Құжаттарды ресімдегеннен кейін оның денесі Қазақстанға жіберіледі», — делінген хабарламада.

    Бұған дейін қайтыс болған жерлесіміздің денесі Қазақстанға жеткізілді.

    Еске сала кетейік, 30 шілде күні таңертең Аланияда Қазақстанның 12 азаматы мінген шағын автобус жол-көлік оқиғасына ұшырады. Түрік полициясынан алынған алдын-ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі жоғары жылдамдықпен келе жатып жүк көлігін соққан.

    Өкінішке қарай 31 шілде күні таңертең зардап шеккен жолаушылардың бірі ауыр жарақат салдарынан ауруханада қайтыс болды.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →