Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Халық мен жақта»: Бағдагүл емші өзін соттатып жатқан Динара Сәтжанға жауап берді «Ауырмайтын жерім жоқ»: Ырысбала Икрамбай денсаулығының нашар екенін айтты «Семей орманындағы» өрт өрши түсті: 600-ден астам адам тілсіз жаумен күресіп жатыр (ВИДЕО) «Семей орманындағы» ашық жану толық сөндірілді «Елимай» пенальти сериясында жеңіліп, Еурокубоктерден шығып қалды Қазақстанда әйелдерге арналған «Ұмай» жеңілдікті ипотекасы іске қосылады «Халық мен жақта»: Бағдагүл емші өзін соттатып жатқан Динара Сәтжанға жауап берді «Ауырмайтын жерім жоқ»: Ырысбала Икрамбай денсаулығының нашар екенін айтты «Семей орманындағы» өрт өрши түсті: 600-ден астам адам тілсіз жаумен күресіп жатыр (ВИДЕО) «Семей орманындағы» ашық жану толық сөндірілді «Елимай» пенальти сериясында жеңіліп, Еурокубоктерден шығып қалды Қазақстанда әйелдерге арналған «Ұмай» жеңілдікті ипотекасы іске қосылады

    Алматы облысының әкімдігі ұсталар дауына байланысты түсінік берді

    28 шілде күні Кеген ауданы Қарқара жайлауында Қымызмұрындық өткен. Іс-шара барысында ұсталар әкімдік өкілдерінің көлік ішінде ішімдік далада екі сағат күттіргенін айтқан еді, деп жазады әкімдік. 

    Бағдарлама аясында сағат 11.00-ден 11.55-ке дейін ауыл шаруашылығы көрмесі қойылып, шеберлік сағаттары өткізілді. Сағат 12.00-де фестивальдің ресми ашылуы болды. Ал сағат 14.30-16.30 аралығында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті.

    Алдын ала белгіленген бағдарламаға сай, Қымызмұрындық кешкі сағат 17.00-де аяқталуы тиіс еді. Алайда, ұсталар М.Құлменов пен Б. Махмұтұлы көрмелерін сағат 14.30-да жинай бастады. Олар киіз үйдің бірінен түскі ас ішкен соң, ұйымдастырушылар сағат 15.30-ға дейін Алматы қаласына жүретін көлік тауып берген.

    Кейінірек әлеуметтік желілерде Б. Махмұтұлы ұйымдастырушылардың көлік тауып бермей, көшеде 2 сағат такси күткендерін айтып шағымданған бейнеүндеуі тарады.

    Аталған дерекке сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ішкі талдау жүргізді. Жауапты мамандардың қатысуымен Кеген ауданының әкімдігінде жиналыс өткізілді. Жиында аталған келеңсіз жағдай егжей-тегжей талқыланып, мамандарға бірқатар нұсқаулар берілді.

    Өз тарапынан Алматы облысының әкімдігі келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

    Ұйымдастыру мәселелеріндегі олқылықтар үшін тиісті тұлғалар жауапкершілікке тартылды.
    Сонымен қатар, олармен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын бұлжытпай сақтау қажеттілігі туралы түсіндірме жүргізілді.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →