Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 15 қазан 2026 $ 451,4↑€ 506,7↑₽ 5,40↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    СҚО-да балабақша директоры мен екі тәрбиеші жол апатынан қаза тапты • «Ескісі де жоқ, жаңасы да жоқ»: ШҚО-да аялдамаларды сүріп тастаған шенеуніктер тұрғындарды далада қалдырды • Қаза тапқандар бар: Ыстанбұлда алапат су тасқыны болды • Алматыда РФММ оқушыларының ауруханаға түсуі 55-ке жетті • Семейде газ баллоны жарылып, терезе әйнегі зақымданды • Көкшетауда тұрғындар бірнеше жылдан бері судың азабын тартып келеді: жауаптылар кінәні бір-біріне сілтеп отыр • СҚО-да балабақша директоры мен екі тәрбиеші жол апатынан қаза тапты • «Ескісі де жоқ, жаңасы да жоқ»: ШҚО-да аялдамаларды сүріп тастаған шенеуніктер тұрғындарды далада қалдырды • Қаза тапқандар бар: Ыстанбұлда алапат су тасқыны болды • Алматыда РФММ оқушыларының ауруханаға түсуі 55-ке жетті • Семейде газ баллоны жарылып, терезе әйнегі зақымданды • Көкшетауда тұрғындар бірнеше жылдан бері судың азабын тартып келеді: жауаптылар кінәні бір-біріне сілтеп отыр •

    Қызылордада банк қызметкері 600 млн теңгені ұрлап кеткен

    Қызылорда облысында банк қызметкері 600 млн теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткен, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

    Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, банк қоймасындағы қаражатты тексеру барысында 602 900 000 теңге жетіспейтіндігі анықталған.

     

    “Контроллер-кассир шамамен 1 000 000 теңгеден 4 000 000 теңгеге дейін ақшаны бөлшектеп, кассадан ұрлағаны анықталды. Банктің 2021-2023 жылдар аралығындағы бейнебақылау камераларының жазбалары тәркіленді, онда кассадан халаттың жеңіне оралған ақшаларды шығару арқылы ұрлау фактілері тіркелген. Күдікті жасаған қылмыстық құқық бұзушылықты толық мойындады”, – делінген хабарламада.

     

    Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында букмекерлік кеңседен оның атына тіркелген шотынан ақпарат алынып, соңғы 3,5 жылда есепшотқа 158 млн теңге түскені анықталды.

    Сонымен қатар, оның атына және жұбайының атына тіркелген абоненттік нөмірлерден букмекерлік кеңселердің есепшотына ақша аудару бойынша операциялар жүргізілгені туралы ақпарат келіп түсті.

    Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →