Көкшетауда тұрғындар бірнеше жылдан бері судың азабын тартып келеді: жауаптылар кінәні бір-біріне сілтеп отыр
Фото: видеодан скрин
Көкшетау қаласындағы Сарыарқа шағынауданының тұрғындары бірнеше жылдан бері судың қысымына байланысты қиындық көріп келеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Олардың айтуынша, краннан су сыздықтап ағатындықтан, кір жуу, ыдыс жуу, тіпті душ қабылдаудың өзі мұңға айналған. Тұрғындар күндіз су болғанымен, кешке қарай мүлде тоқтап қалатын кездер жиі кездесетінін айтады. Ал коммуналдық қызмет өкілдері үйге берілетін судың қысымы талапқа сай екенін мәлімдеді. Олар мәселені ғимараттың ішкі су құбырларының жағдайымен байланыстырып, тұрғындарға КСК-ға жүгінуге кеңес берген. Осылайша, бірнеше жылдан бері шешілмеген мәселе бойынша тұрғындар әлі де нақты нәтиже күтіп отыр.
Видео: @sinegor.kz
