Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Павлодар облысында ірі қара мал жаппай қырылып қалған

    Павлодар облысының Железин ауданында ірі қара малдың жаппай қырылу дерегі тіркелді, деп хабарлайды Qazaq.today Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

    Башмачный ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінде 37 сиыр уланып қалды. Қазір мән-жайды арнайы комиссия анықтап жатыр. Малдың нақты неден қырылғаны зертханалық тексерістен кейін белгілі болады. Төрт түліктен сынама алынып, мамандарға тапсырылды.

    Сонымен қатар жайылымдық жердегі шөп, топырақ пен судың сынамалары алынды. Әзірге ірі қара «өрістен уланған» деген болжам бар. Себебі жақын маңда зиянкес жәндіктерге қарсы химиялық заттармен өңделген картоп алқаптары орналасқан. Егер малдың қауіпті дерттен қырылғаны дәлелденсе, иесіне заң бойынша өтемақы төленуі тиіс.

    «Мал қырылған жайылым маңында картоп алқаптары бар. Бұл жердегі көкөністер пестицидтермен өңделген. Бұл зат малға аса зиян. Екіншіден, сиырлар «фитоулардан» улануы мүмкін. Жаңбырдан соң улы өсімдіктер шығады. Осындай 2 болжамымыз бар», — деді Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Асылтас Тілеубаев.

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →