Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 3 қазан 2026 $ 442,4↑€ 497,8↓₽ 5,31↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алжир орман өртеушілер мен бала ұрлаушыларға өлім жазасын енгізді • Қазақ жеңіл атлеті Азия ойындарынан допинг сынамасы үшін шеттетілді • Қазақстандықтарды жауынгерлік аймақтан қайтару: СІМ Ресеймен келіссөз жүргізуде • Қыран Талапбек: 12 жасымда айына 5 мың доллар таптым • Қуат Хамитов Қазақстан құрамасының Молдовадан жеңілісіне қатысты пікір білдірді • Ұлттар лигасы: Қазақстан Астанада Молдоваға 1:2 есебімен жол берді • Алжир орман өртеушілер мен бала ұрлаушыларға өлім жазасын енгізді • Қазақ жеңіл атлеті Азия ойындарынан допинг сынамасы үшін шеттетілді • Қазақстандықтарды жауынгерлік аймақтан қайтару: СІМ Ресеймен келіссөз жүргізуде • Қыран Талапбек: 12 жасымда айына 5 мың доллар таптым • Қуат Хамитов Қазақстан құрамасының Молдовадан жеңілісіне қатысты пікір білдірді • Ұлттар лигасы: Қазақстан Астанада Молдоваға 1:2 есебімен жол берді •

    Боксшы Шүменов елорда тұрғынын соққыға жықты

    Бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов Астанадағы мейрамханалардың бірінде тұрғынды соққыға жыққан, деп хабарлайды Qazaq.today. 

    Полицияның дерегінше, 18 маусым күні 102 пультіне «Мега Силкуей» сауда ойын-сауық орталығынан екі ер адамның жұдырықтасып қалғаны туралы хабарлама түскен.

    Оқиға орнына келген құқық қорғау қызметкерлері қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов пен Астана тұрғыны Әзизбек Қадыров деген азаматтың төбелескенін анықтады. Елорда тұрғыны дене жарақатын алған. Ол сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

    Олардың төбелесіне балаларының ойын алаңында жанжалдасып қалғаны себеп болған. Әкелері араша түсем деп, керісіп, ақыры төбелесіп тынған.

    Бұл оқиға видеоға түсіп қалды, кейін әлеуметтік желіге тарады.

    Полиция бұзақылық бабы бойынша істі тіркеген.

    Айта кетсек, ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам 2 мың АЕК-ке дейін айыппұлмен немесе  түзеу, қоғамдық жұмыстарға тарту, 2 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →