Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев: Курык портының өткізу қабілеті 15 млн тоннаға жетеді Конго орманынан ғылымға белгісіз маймылдың жаңа түрі табылды Тоқаев China Communications Construction Company президентін қабылдады «Қайтадан ота жасау керек»: Гүлзира Айдарбекова оқырмандарын алаңдатып қойды Абай облысындағы өрт: полиция балалар лагерінен 190 баланы эвакуациялады Қасым-Жомарт Тоқаев: Қытай Қазақстан экономикасына 30 миллиард доллардан астам инвестиция салды Тоқаев: Курык портының өткізу қабілеті 15 млн тоннаға жетеді Конго орманынан ғылымға белгісіз маймылдың жаңа түрі табылды Тоқаев China Communications Construction Company президентін қабылдады «Қайтадан ота жасау керек»: Гүлзира Айдарбекова оқырмандарын алаңдатып қойды Абай облысындағы өрт: полиция балалар лагерінен 190 баланы эвакуациялады Қасым-Жомарт Тоқаев: Қытай Қазақстан экономикасына 30 миллиард доллардан астам инвестиция салды

    Алматы облысындағы тойда әкімдіктің қызметкері көз жұмды

    Алматы облысында өткен мерекелік іс-шарада әкімдіктің қызметкері қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Ауылшаруашылығына арналған бизнес форум мен көрме Еңбекшіқазақ ауданында ұйымдастырылған. Ауқымды шараны көруге халық Ассы жайлауына жиналды.

    AMP

    Жыл сайынғы «Agro-Business Forum Assy-2023» дәстүрлі форумы қарсаңында бәйге, көкпар,  қазақша күрес сынды жарыстар да ұйымдастырылды. Іс-шараның соңына қарай ер адам есін жоғалтып құлады. Әкімдіктің қызметкері сол күйі ес жимастан қайтыс болып кетті.

    Алматы облысы әкімдігінің ақпаратынша, қайтыс болған жігіт Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман болып жұмыс істеген.

    «Бірақ мерекеге ол демалушы ретінде жеке барды. Марқұмның отбасына материалдық көмек көрсетуге уәде берілді», — деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

    Шындығында, әкімдік қызметкері ас дайындайтын қазан-ошақтың басында жүрген. Ауырып құлаған жігітке дер кезінде медициналық көмек көрсетілген жоқ.

    Айта кетерлігі, іс-шараны ұйымдастыру мен халықтың қауіпсіздігіне Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Қуат Ақшабаев жауапты болған. Алайда іс-шара барысында төбелес те, жарақат алу сынды өзге де оқыс оқиғалар көп болды.

    Сонымен қатар аламан бәйге барысында бірнеше шабандоз бала аттан құлады. Оларға да сол сәтте көмек көрсететін медициналық қызметкерлер табылмады, дәрігерлер көмекке келмеді.

    AMP

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →