Тоқаев пен Путин жасанды интеллект жетістіктерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Al Journey 2026 конференциясында Владимир Путинмен бірге Қазақстан мен Ресейдің жасанды интеллект жетістіктерін таныстырды.
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге жұмыс сапарымен барып, Мәскеуде өтіп жатқан Al Journey 2026 халықаралық конференциясы аясындағы іс-шараларға қатысты.

Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің жасанды интеллект саласындағы жетістіктерін таныстыратын стендтерді аралады.

Қазақстанның көрме алаңы алты негізгі бағытты қамтыды: «Технологиялық ұлт», Startup City, GovTech, Aitu, «Көлік және FinTech салаларындағы ЖИ».

Ресей тарапының экспозициясы білім беру, денсаулық сақтау, қала құрылысы, сот ісін жүргізу, мұнай өнеркәсібі және басқа да секторлардағы цифрлық шешімдерге арналған.

Екі елдің салалық ведомство басшылары жасанды интеллектіні қолдану арқылы жүзеге асырылып жатқан басым жобаларды таныстырды.

AI Journey («Жасанды интеллект әлеміне саяхат») – жасанды интеллект технологияларын әлемдік деңгейде дамыту мәселелеріне арналған дәстүрлі конференция. Іс-шара 2016 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде бұл жиын ЖИ саласындағы беделді халықаралық алаңға айналды.
