Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 26 қараша 2026 $ 459,1↑€ 502,4↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Алматыда үй өртеніп, 5 адам қаза тапты

    Алматыда үй өртеніп, 5 адам қаза тапты

    Фото: Видеодан скрин

    Сағат 03:44-те 112 пультіне Алматы қаласы Бостандық ауданында жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпара порталы. 

    ТЖД алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі шақырту түскеннен кейін 4 минуттан соң оқиға орнына жетті. Өрт сөндірушілер келген кезде тұрғын үй толығымен отқа оранып, жалынның ашық әрі қарқынды жануы байқалған.

    Өрт сағат 04:42-де толық сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан шамамен 35 адам және 9 техника жұмылдырылды.

    Оқиға орнынан бес адамның, оның ішінде бір кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды. Оқиғаның мән-жайы мен өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →