Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 26 қараша 2026 $ 459,1↑€ 502,4↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Ақтөбеде 18,8 млрд теңгеге 5 мың орындық спорт кешені салынады

    Ақтөбеде 18,8 млрд теңгеге 5 мың орындық спорт кешені салынады. Кешенде ойын залдары, йога бөлмелері және 50 метрлік олимпиадалық бассейн болады. Нысан 2028 жылдың ақпанында іске қосылады.

    Ақтөбеде 18,8 млрд теңгеге 5 мың орындық спорт кешені салынады

    Сурет: kz.kursiv.media

    Ақтөбеде 5 мың көрерменге арналған спорт кешені салынады. Жоба құны — 18,8 млрд теңге. Кешенде ойын түрлері мен йогаға арналған залдар, сондай-ақ 50 метрлік олимпиадалық бассейн ашылады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Жаңа нысанды салу мен жабдықтау Инфрақұрылымдық даму қоры есебінен қаржыландырылады. Кешеннің жалпы ауданы 31 мың шаршы метрден асады. Ол қазақстандық құрылыс материалдарымен тұрғызылады. Спорт кешені бірнеше функционалды аймаққа бөлінеді:

    • халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі жарыстар өткізуге арналған 5 мың көрермендік басты арена;
    • олимпиадалық стандарттағы 50 метрлік жүзу бассейні;
    • спорттық және көркем гимнастикаға арналған мамандандырылған жаттығу залдары;
    • ойын түрлеріне (баскетбол, волейбол, футзал) арналған залдар;
    • сауықтыру мақсатындағы йога мен пилатес залдары.

    Жаттығу аймақтары кәсіби спорт жабдықтарымен жарақтандырылады, ал спортшыларды дайындауға отандық және шетелдік жаттықтырушылар тартылады.

    Сонымен қатар кешен ерекше қажеттіліктері бар адамдар мен қозғалысы шектеулі азаматтар үшін толық бейімделеді — трибуналарда, киім ауыстыратын бөлмелерде, бассейн жанында және іргелес аумақта кедергісіз қатынау қарастырылады.

    Спорт кешенін пайдалануға беру 2028 жылдың ақпанына жоспарланып отыр. Нысан өңірдің гимнастика залдары мен олимпиадалық бассейнге деген қажеттілігін жабады, қаланың қолданыстағы алаңдарын жеңілдетеді және балалар мен жастарға жаттығу мүмкіндіктерін кеңейтеді деп күтілуде.

    Бұған дейін «Курсив» Шалқар, Қандыағаш және Хромтауда аудандық ауруханаларға жалғама ғимараттар Арнайы мемлекеттік қор қаражаты есебінен салынып жатқанын жазған. Жаңа корпустардың пайда болуы бұл медициналық мекемелерге ауданаралық орталық мәртебесін беруге және оларды заманауи жабдықтармен жарақтандыруға мүмкіндік береді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →