Астанада салынып жатқан нысан өртенді: құтқарушылар жұмысы жүріп жатыр
Астананың Нұра ауданында салынып жатқан нысан өртенді. Ұлы Дала көшесінде Төтенше жағдайлар министрлігі өртті сөндіруде, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Фото: Видео скриншот
Астананың Нұра ауданында салынып жатқан нысан аумағында өрт шықты. Қазіргі уақытта Ұлы Дала көшесіндегі оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өртті сөндіріп жатыр.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, 112 пультіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Кадрлардан нысан аумағынан қою түтін көтерілгенін көруге болады.
Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
