Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 25 қараша 2026 $ 456,7↑€ 498,5↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мемлекеттік қызмет көрсету: құжаттардағы кемшіліктерді жоюға екі жұмыс күні беріледі • Түркістан облысында аурухананың бас дәрігері 117 млн теңге жымқырған • Дербес медициналық деректер заңмен қорғалады • «Қымбат пәтердің құны уақыт өте өзін ақтай ма»: депутат баспана бағасы туралы айтты • Ел болып игі істер жасайтын кезеңдеміз – Құрылтай депутаты үндеу жасады • Қазақстанда аниме сайты WhatsApp-ты басып озды: 15,62 млн визит • Мемлекеттік қызмет көрсету: құжаттардағы кемшіліктерді жоюға екі жұмыс күні беріледі • Түркістан облысында аурухананың бас дәрігері 117 млн теңге жымқырған • Дербес медициналық деректер заңмен қорғалады • «Қымбат пәтердің құны уақыт өте өзін ақтай ма»: депутат баспана бағасы туралы айтты • Ел болып игі істер жасайтын кезеңдеміз – Құрылтай депутаты үндеу жасады • Қазақстанда аниме сайты WhatsApp-ты басып озды: 15,62 млн визит •

    Мемлекеттік қызмет көрсету: құжаттардағы кемшіліктерді жоюға екі жұмыс күні беріледі

    Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құжаттардағы кемшіліктерді жоюға екі жұмыс күні беріледі. Толық емес құжаттар бойынша қызмет уақытша тоқтатылады.

    Мемлекеттік қызмет көрсету: құжаттардағы кемшіліктерді жоюға екі жұмыс күні беріледі

    Сурет: pexels

    Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қызмет алушының өтініші тіркелген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде қызмет көрсетушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Бұл рәсім жаңа талаптарға сәйкес белгіленген.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Егер тексеру барысында өтініште немесе құжаттарда қателер мен дәлсіздіктер анықталса, құжаттардың нысаны мен мазмұны белгіленген талаптарға сәйкес келмесе немесе қажетті құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, мемлекеттік қызмет көрсету уақытша тоқтатылады. Мұндай жағдайда қызмет көрсетушінің шешімі негізінде анықталған кемшіліктерді жою үшін екі жұмыс күні беріледі.

    Құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда екі жұмыс күні ішінде қызмет алушының порталдағы жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетудің уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберіледі. Хабарлама уәкілетті орган басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат түрінде жолданады. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімі тиісті хабарлама қызмет алушының порталдағы жеке кабинетіне жіберілген күннен бастап тоқтатыла тұрады.

    Қызмет алушыға анықталған қателер мен дәлсіздіктерді түзету үшін хабарлама жіберілген күннен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын мерзім беріледі. Осы мерзім ішінде ол түзетілген құжаттарды қайта ұсына алады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің уақытша тоқтатылған кезеңі қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне есептелмейді.

    Ұсынылған құжаттардағы қателер мен дәлсіздіктер жойылғаннан кейін қызмет көрсетуші мемлекеттік қызмет көрсетуді қайта бастау туралы шешім қабылдайды. Осы шешім қабылданған күннен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің есептелуі қайта жалғасады.

    Егер өтініште немесе құжаттарда анықталған қателер мен дәлсіздіктер белгіленген мерзімде түзетілмесе, қызмет көрсетушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетуді уақытша тоқтату мерзімі аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды. Ол кинематография саласындағы уәкілетті орган басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат түрінде өтініш берушінің порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі.

    Қызмет алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болған себептерді жойған жағдайда қызметті алу үшін қайта өтініш бере алады.

    Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болатын жағдайлар:

    • қызмет алушының немесе мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің ҚР нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
    • мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауап беруі, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің немесе тексерудің теріс қорытындысы;
    • қызмет алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметпен немесе оның жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
    • қызмет алушыны мемлекеттік қызмет алуға байланысты арнайы құқықтан айыру туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;
    • «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңның 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге қызмет алушының келісім бермеуі;
    • мемлекеттік қызмет көрсетуді уақытша тоқтату мерзімі аяқталғанға дейін анықталған кемшіліктердің жойылмауы.

    Бұйрық 2026 жылғы 5 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →