Мақсат Базарбай 50 жас мерейтойында отбасын алғаш рет көрсетті
«Музарт» тобының экс-мүшесі Мақсат Базарбай 50 жас мерейтойында отбасын алғаш рет көрсетті. Тойға ұстазы Алтынбек Қоразбаев пен Мейрамбек Беспаев қатысты.
Сурет: sn.kz
«Музарт» тобының экс-мүшесі, әнші Мақсат Базарбай 50 жас мерейтойын дүркіретіп атап өтті. Бұл туралы өнер иесі желідегі парақшасында бөліскен.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Мақсат Базарбаев алғаш рет өзінің отбасын көрсетті. Той төрінен ұстазы Алтынбек Қоразбаев пен Мейрамбек Беспаев та көрінді. Алайда Сәкен Майғазиев пен Кенжебек Жанәбілов, басқа әншілердің қарасы көрінбеді.
Оқырмандар әншіні құттықтап, түрлі пікір қалдырды. «Әншілер көрінбейді ғой», «Бір баласы Мейрамбектен, бір баласы Кенжебектен аумайды екен», «Сәкен неге келмеген», «Мақсатжан, аман бол! Той құтты болсын!», «Қандай керемет», — деп жазды желі қолданушылары.
