Тоқаев Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның жаңа құрамын бекітті
Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 24 қарашадағы № 1577 Жарлыққа қол қойып, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның жаңа құрамын бекітті.
Фото: Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 24 қарашада № 1577 Жарлыққа қол қойды. Бұл құжат 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлықпен бекітілген Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына өзгеріс енгізеді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Жарлыққа сәйкес комиссияның жаңа құрамы осы құжатқа қосымша ретінде бекітілді. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Комиссия төрағасы – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Бибігүл Нұрғалиқызы Жексенбай (келісім бойынша).
Төрағаның орынбасарлары: Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, Қазақстан Республикасындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл Снежанна Валерьевна Имашева (келісім бойынша) және кәсіпкер, Астана қаласы әкімінің гендерлік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Назгүл Сейітқожақызы Мақжанова (келісім бойынша).
Комиссия хатшысы – гендерлік және отбасылық саясат саласындағы сарапшы Гаухар Сердалықызы Нұрахметова (келісім бойынша).
Комиссия құрамына мына адамдар кірді:
Светлана Ермекқызы Айтбаева – Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Астана қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі (келісім бойынша);
Инна Сергеевна Апенко – кәсіпкер, «Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсіп кәсіпкерлері қауымдастығы» заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер бірлестігінің вице-президенті (келісім бойынша);
Нұрсәуле Әбдіқадырқызы Әлтекова – «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің республикалық Достық үйі қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы (келісім бойынша);
Зүлфия Мұхамедбекқызы Байсақова – Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты (келісім бойынша);
Жанар Арыстанбекқызы Бекбасова – стратегиялық коммуникациялар, қоғаммен байланыс және халықаралық ынтымақтастық саласындағы сарапшы, «Turan Business Development» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша);
Галина Александровна Гребенникова – отбасын жоспарлау, жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын қорғау саласындағы сарапшы, жоғары санатты дәрігер, «Қазақстандық жыныстық және репродуктивтік денсаулық қауымдастығы (КМПА)» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша);
Сана Шайханқызы Жандай – кәсіпкер, Алматы қаласының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі (келісім бойынша);
Баян Айтбекқызы Жандосова – «Қазақстан әйелдерінің республикалық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің филиалы – Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрағасы (келісім бойынша);
Ләззат Молдабекқызы Қалтаева – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері, «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);
Гүлмира Әмірханқызы Қанай – «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының вице-президенті (келісім бойынша);
Тоғжан Бақытжанқызы Қожалы – қоғам қайраткері, «HAQ» қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы (келісім бойынша);
Татьяна Александровна Миронюк – «Ұлттық волонтерлік желі» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша);
Раушан Мұратханқызы Мұқажанова – кәсіпкер, «Адал Ас trade» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы (келісім бойынша);
Айгүл Адиятоллақызы Мүкей – журналист, қоғам қайраткері, «Jibek Joly» телеарнасының тележүргізушісі, «Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің қауымдастырылған профессоры (келісім бойынша);
Ержан Қуандықұлы Мырзабаев – отбасылық психолог (келісім бойынша);
Николай Анатольевич Негай – жоғары санатты дәрігер-психиатр, Дүниежүзілік психиатрия қауымдастығының Шығыс Еуропа елдеріндегі өкілі (келісім бойынша);
Индира Садыбекқызы Рыстина – «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма мүшесі – проректоры (келісім бойынша);
Татьяна Ивановна Савицкая – психолог, медиатор, Қарағанды қаласы әкімінің балалар мен отбасының құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі кеңесшісі, «Диалог» жанжалдарды шешу орталығы» жеке меншік мекемесінің басшысы, Кәсіби медиаторлар қауымдастығының президенті (келісім бойынша);
Аяулым Зарлықанқызы Сағынбаева – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының «Ақпараттық есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Демографиялық процестерді талдау және болжау орталығының басшысы (келісім бойынша);
Әлия Орманқызы Сәбитова – әлеуметтік кәсіпкер, «Инклюзивті қоғамды дамыту қауымдастығы» заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер бірлестігінің президенті (келісім бойынша);
Юлья Дмитриевна Смышляева – «Senim Qogamy» қоғамдық қорының директоры, «Жауапты ата-аналар академиясы» жобасының авторы (келісім бойынша);
Анар Мұратқызы Фазылжан – «А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (келісім бойынша);
Муслим Ханатұлы Хасенов – құқықтық мәселелер жөніндегі халықаралық сарапшы, «М.С.Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЗУ университеті» акционерлік қоғамының қауымдастырылған профессоры (келісім бойынша);
Полина Викторовна Шиманская – журналист, PR және көпшілік алдында сөз сөйлеу саласындағы сарапшы (келісім бойынша);
Азиза Тимурқызы Шөжеева – кәсіпкер, «TechnoWomen Non-profit Organisation» коммерциялық емес ұйымының басқарма төрағасы (келісім бойынша);
Жұлдызай Амангелдіқызы Ысқақова – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, саясаттанушы (келісім бойынша).
